Daily Archives: 30.08.2016

Маман даярлаудың өзекті мәселелері

Мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Өткен оқу жылында колледждің институционалды аккредиттеу жүйесінен өтуі педагогикалық кадрлар даярлайтын оқу орындарының өнімі болып табылатын білімгерлердің, олардың теориялық білімін машықтану арқылы толықтыруға мүмкіндік туғызатын әлеуметтік серіктестіктердің тарапынан оқу орнына, оның мамандар даярлаудағы сапасына көзқарасы мен пікірлерін білдіруіне, оларды даярлау сапасын одан әрі арттыруға жағдай жасауға ықпал ететіні сөзсіз.

Тағылым

Сейілбек Шаухаманов мемлекет және қоғам қайраткері. Бұл кісіні сырттай біліп, атқарған қызметіне сүйсініп жүрдім. Әсіресе, Сейілбек ағаның: «Егер еңбек – әлемнің әміршісі» болса, онда бүгінгі мақаланың кейіпкері Еркін Нұржанұлы Әуелбеков – еңбектің әміршісі дегім келеді.

 

Басты байлығымыз – бейбітшілік

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін насихаттау мақсатында, сондай-ақ, Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай еліміздің барлық аймақтарында республикалық «Ақ орамал» акциясы ұйымдастырылды. 

Жазғы демалыс назарда

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында облысымызда балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы туралы мәселе қаралды. Аталмыш шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысты.

Елдің тілегі ескерілді

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.Қордаланған мәселелерін шешу үшін облыс орталығы мен ауданда тұратын үш тұрғын қабылдауға жазылды.

Жақсыдан – шарапат

Балалардың мектепке баратын уақыты да жақындап қалды. Мұның  ата-аналар, оның ішінде көпбалалы және тұрмыс жағдайлары төмен  отбасылары үшін бірқатар қиындықтар әкелетіні жасырын емес.

Қайырымдылық шарасы мәресіне жетті

Өткен сенбі күні Щучинск-Бурабай курортты аймағында «CHARITY TOUR DE BURABAY 2016» төртінші қайырымдылық веложүгірісі өткізілді. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйі мен «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры. Веложүгірісті олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері,  «ASTANA PRO TEAM» командасының бас менеджері Александр Винокуров басқарды.

Қос қуаныш иесі

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған Ая Мұстафина еліміз егемендік алған алғашқы жылдары прокуратура органдарына жұмысқа орналасады.

 

Шағын орталықтағы мереке

Конституция күні қарсаңында Ата Заңымызбен таныстыру,  өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында Станционный кентіндегі «Бота» шағын орталығында тәрбие сағаттары мен мерекелік ертеңгіліктер өтті.

Тарихи маңызы зор құжат

Тәуелсіз Қазақстан өзін халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтып, бірқатар құжаттар қабылдады. Егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдардағы қабылданған маңызды құжаттар сол кезеңдерде өзінің миссиясын толық атқарды. Жаңа заманға сай уақыт талабына жауап беретін, сонымен бірге жақын болашақтағы міндеттерді заңдастыратын, қоғамдық-саяси, рухани-әлеуметтік бағыттарды құқықтық тұрғыда қалыптастыру қажеттілігін Ата Заңымыз арқалай алды.

Ізгіліктің алтын арқауы

Бір данышпан: «Заң от сияқты, оны орнымен қолдансаң  маңайына жылуын береді, орнымен қолданбасаң, жолындағыны өртеп тынады» деген екен. Осы даналықта үлкен сыр жатыр. Шынында да, заң адамзат үшін оның еркіндігін паш етіп, құқығының аяқ асты болмауына  зор ықпалын тигізеді. Яғни, барлық заң ең алдымен адамдарға қызмет ету үшін жасалады.

 

Төлқұжат табыс етілді

Ата Заң мерекесінің қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мерекелік іс-шара өткізілді.     

 

Тәуелсіздік тірегі

30 тамызда қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеді. Осыдан тура 21 жыл бұрын 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қазақ елінің жаңа Конституциясы қабылданған болатын. Ата Заң еліміздің экономика саласында қолға алынған реформаларға жаңа серпін беріп, Үкімет қызметінің заңнамалық кеңістігі мен базасын құруды қамтамасыз етті және тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық құрылымының іргелі принциптерін нығайта түсті.

Қасиет тұтар қастерлі Ата Заң!

Қазіргі дүниедегі кез-келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Осыдан 21 жыл бұрын жаңа Конституция қабылданып, еліміз жасампаз жаңа дәуірге нық қадам басты.  1995 жылдың 30 тамызында, жалпы халықтық референдумда Қазақстан халқы Конституция-ны қабылдауға дауыс беріп, өздерінің бір мағыналы таңдауын – тәуелсіздікті, өркендеуді, демократияны қолдады.

Әлем Қазақстанның бастамасын қолдайды

Қазақстан Президенті «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.