Daily Archives: 25.11.2017

Әр санын асыға күтемін

«Тіршілік» газетінен бастау алатын облыстық «Арқа ажары» газетімен тығыз байланыста келе жатқаныма жарты ғасырдан артық уақыт өтті.

Асылдардың аманатын жеткізген

«Арқа ажары» газетінің жүз жылдық мерейтойына

«Ақ олимпиада…» немесе соғым сою қарсаңындағы қарбалас

Күн жексенбі. Алакеуімнен аттандық. Екеуіміздің де әңгімеміз жалғыз-ақ тақырыптың төңірегінде. Жолымыз болып өзі арзан, өзі семіз соғым кездессе екен дейміз де. Таңертең оразамызды ашпай шыққаннан ба екен, күн арқан бойы көтерілгенде, қолқамыз қолқылдай бастады. Ауыздан ет деген сөз шыққанда, асқазанның бүлк ете түсетіні несі екен?!.

Сонда балаларының алғысы несие ме?!.

Банкте кезек күтіп отырғанымда жаныма бір әжей келіп жайғасты. Қар алғаш түскен мезгіл. Дала көктайғақ. Сол себепті, кейуананың банкке жалғыз келгеніне таңырқап, «Апай, депозитіңізді толтыруға келдіңіз бе? Мынадай көктайғақта құлап қалуыңыз мүмкін ғой. Балаларыңыздың біреуін неге

Тездетейік! мәнін де мағынасын да ойлайық

Елді мекен, жер-су, көше атаулары туралы бұл былтырдан бергі екінші мақаламыз. Бұған дейінгісі «Арқа ажары» газетінде 2016 жылдың 17 қарашасында жарияланған болатын. Сондағы «Көкше атаулары жалпылама бола ма, ал, сонда есімдері ескеруді тілейтін асылдарымызды не істейміз?» атты мақала үшін әкімдіктен сөз де естігенбіз. Оған ренжіген біз жоқ, теперіші көп тіліміз үшін естісек, ести берейік.

Атақты құсбегі Жалайыр Шора туралы толғау

Зеренді ауданының аумағынан ерте көктемде қыз бұрымындай мың бұралып, шөліркеген даланың шөлін қандырып, күміс, кәусар толқындары бірін-бірі қуалай толқып, жақұттай жарқырап, сылдырлаған сұлу әуенімен дала симфониясына нәзік те әсерлі, әдемі де көңілді үнін қосып Шора өзені ағады.

Елім дейтін ер еді

Елбасымыздың «Туған жер» жобасы аясында туған өлкеміздің тарихы мен сонда туып-өскен тұлғалардың өмір жолы мен қоғамға сіңірген еңбектерін көпшілікке тереңірек таныстыру жұмыстары Қорғалжын ауданында да қолға алына бастады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен биыл

Мемлекеттік тіл ең әуелі сот жүйесінде қолданылуы керек

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын және Қазақстанның Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің»

Балаларға мейірімді Қазақстан

Осындай тақырыппен Бүкіләлемдік балалар күніне орай, Астана қаласында халықаралық конференция болып өтті.

Медициналық қызметтің сапасын анықтайды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын бұл қосымша 6 қарашадан бастап тұрғындарға жол тартты.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Көкшеде

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің салтанат залында тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері, ұлы даланың біртуар перзенті, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу өтті.

Аршалы көркейіп келеді

Аршалы ауданы Елордамыз – Астанаға жақын орналасқан аудандардың бірі. Мұнда тіркелген халықтың ресми саны шамамен 28 мыңға жуықтаса, Астана қаласына тіркеліп, сонда қатынап жұмыс істейтіндерін қоса есептегенде 40 мыңнан асады. –Бұл халықтың әлеуметтік қажеттіліктерінен туындап отырған жағдай, – деді аудан әкімі Азамат Тайжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте.

Назар аударатын мәселе көп

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірде қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайында партиялық тыңдау өтті.

Қызмет тегін көрсетіледі

Көкшетау қалалық әкімдігінің қасында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін «Атамекен» орталығы ашылып, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істей бастады.

Шәкіртақы иелері анықталды

Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасында Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы болып өтіп, онда осы шәкіртақыны иеленушілер тізімі анықталды.