Daily Archives: 28.11.2017

Жас ғалымдар жүлдесі

Таяуда Көкшетау қаласындағы №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалардың облыстық конкурсының ІІ кезеңі болып өтті.

Қаламгерге – құрмет

Облыстық әдебиет және өнер музейінде Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жазушы-драматург, ақын Төлеген Қажыбайдың шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы болып өтті.

Рамазан Елебаевтың мүсіні ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының көп тармақтарының бір бағыты патриоттық сезімді қалыптастыру

Жастар ауыл мәселесіне бойлады

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосында «Жастар агрофорумы-2017: Болашақ кәсіпқойлардікі» атты ауыл жастары қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының және оқушылардың ауыл шаруашылығы бригадаларының форумы болып өтті.

Балаға ат қою – SMS арқылы

Қазақстандықтар енді жаңа туған сәбидің есімін sms-хабарламасы арқылы қоя алады. Бұл жаңа туған сәбидің құжаттарын ресімдеу үшін жасалып отырған жеңілдік.

Тіл дамуы – ел дамуы

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын айтқандай, қазақ қазақ болып тәуелсіздігімізді алып, тұғырымызды көтергелі бері ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Елімізде тіл мәселесіне аса көңіл бөлініп, қазақ тілін дамытуға көп күш салынып келеді.

Татар театры Көкшеде өнер көрсетті

«Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің арнайы шақыруымен келген Буинск татар сатира театрының ұжымы көкшетаулық театрсүйер қауымды өз өнерлерімен тәнті етіп, бүгінгі күннің ащы шындығын зілді әзілдерімен сахналап, жұртшылықты толғандырды.

Тәжік ұлттық-мәдени орталығы құрылды

Облыс орталығында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

Жарайсың , Виктория!

Еңбекшілдер ауданындағы Макин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Виктория Стаматова үстіміздегі жылы қазан айында Көкшетау қаласында өткен «Тіл Дарын» облыстық шығармашылық жобалар байқауында «Менің ауылымның тарихы» тақырыбында жоба қорғап, бірінші орынды иемденді.

Кәрістердің қоныстанғанына 80 жыл

1937 жылдың 21-ші тамызында кәріс халқын Қиыр Шығыстан көшіру туралы құпия қаулы шығып, оларды Қазақстан мен Өзбекстан жерлеріне көшірген болатын. Осыған орай, «Қоғамдық келісім» мекемесінде кәрістердің қазақ жерлеріне қоныстанғанына 80 жыл толуына байланысты «Чинсон» кәріс мәдени орталығы арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Әр ұлттың өз тарихы бар

Ұлттық киім арқылы да белгілі бір халықтың болмысын, табиғатын танып-білуге болады. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне барғанымызда түрлі ұлттардың қатар-қатар тізілген костюмдерін көріп, елімізде тұрып жатқан этностардың мәдениеті көз алдымызда қайта жаңғырғандай әсер алдық.

Ассамблея туралы Заңға өзгертулер енгізіледі

Облыс орталығындағы Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруына байланысты кеңес отырысы болып өтті.

Өлкенің өңін өрендері кіргізеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет. Ол үшін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі», – деген болатын.

Домбыраны дәріптеген орыс баласы

Халқымыздың ұлттық аспаптарының ішінде домбыраның алатын орны ерекше. Ертеде әр қазақ отбасының үйінің төрінде домбыра ілулі тұратын. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп Қадыр ақын айтпақшы, осы аспаптың халқымызға қаншалықты қымбат екенін түсіну қиын емес. Домбыраның құлағында ойнайтын аға-апаларымызбен, ұл-қыздарымызбен қазір де мақтана аламыз. Осы орайда, өзге ұлт өкілдерінің де ұлттық аспабымызды жатсынбай, қызығушылық танытып жүргені өнерде шекара жоқ екенінің, өнер ұлт пен дінге бөлінбейтінінің дәлелі деп түсінеміз. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз домбыраның қос құлағын бұрап, күмбірлетіп күй төгіп жүрген орыс баласы Александр Скороходов.

«Атамекен» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда

Қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен рухани жаңғыруға байланысты бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі «Атамекен» бағдарламасы болып табылады. Облысымызда бұл жобаны іске асыру тікелей Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясына жүктелген болатын.