Daily Archives: 07.03.2019

Анаға – мадақ! Анаға – құрмет!

Кеше, облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімі Мәлік Мырзалин 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Ардақты аналар мен қыз-келіншектер!

Сіздерді шын жүректен көктемнің әсем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Осы бір айтулы күні сіздерге өзіміздің шынайы алғысымыз бен құрметімізді жеткіземіз.

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесуде барша қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады.

Қазақстан Президенті көп балалы аналарға қолдау көрсетуге арналған жаңа ауқымды әлеуметтік шараларды жүзеге асырудың

Қымбатты аналар мен қыз-келіншектер!

Сіздерді шын жүректен 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Анаға деген құрмет, ықылас пен ынта, ілтипат пен ізет керемет! Өйткені, әйел-аналардың алдында асқар таудай алып та, жүрек жұтқан батыр да, білімі дария дана да, ақылгөй әулие де, ақылман абыз да, тілмәр шешен де, көреген көсем де бас иеді. Ана – тіршілік бастауының сарқылмас, үзілмес бұлағы.
Өйткені, ол Адамның анасы.

Ұлы даланың Ұлы қыздары

Адамзат дамуының және түрлі халықтардың тарихында нәзік жанды әйелдердің ортасынан дарынды патшайымдардың, белгілі ақындар мен актрисалардың және батырлардың шығуы жайлы мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ондай әйел-Аналар бізде де бар.

«Ынтымақ» бірлестігінің игі істері

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның төрайымдылық етуімен өңірдің діни бірлестіктері,

Дүниеге он бес баланы әкелген анаға құрмет

Халықаралық әйелдер күні облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов мерекесі қарсаңында «Алтын алқа» иегері, көп балалы ана

Елбасының көп балалы аналарға жағдай жасау тапсырмасы – басты назарда

Ақмола облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен халықтың әл-ауқатын,

Кандагарда от кешкен Гүлнәр

Ел басына күн туғанда шыбын жанын шүберекке түйіп, ерлермен бірге Отанын қорғаған қазақтың қыз-келіншектері жетерлік. Солардың бірі – 1985-1988 жылдары Ауған соғысы кезінде Кандагар әскери госпиталінде медбике болып, талай сардар мен сарбаздарды өлім аузынан алып қалған Гүлнәр Мақышева.

Балалы үйге бақ қонады

Редакцияның кезекті тапсырмасы бойынша мереке қарсаңында менің үлесіме көпбалалы ана туралы суреттеме жазу тиген екен. Ана тақырыбында жазу қаншалықты оңай көрінгенімен, соншалықты салмағы ауыр әрі жауапты жұмыс екендігі әлмисақтан белгілі.

Үздік мемлекеттік қызметші

Адам баласы жарық дүниеге келгенде алдымен, мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, жанұшыра шырылдайтын да Ана.

Анаға – сый

  «Достар» мәдениет сарайы жанындағы Көкшетау қалалық үлгілі кітапханасы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен 8 Нау-рыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Ана – әлемдегі ең ардақты жан» атты тақырыпта тағылымды кеш өткізді.

Ғалым жолы

А.И.Бараев атындағы «Астық шаруа-шылығы ғылыми өндірістік орталығы» жауапкершілігі шек-теулі серіктестігінің ұжымында 95 әйел жұмыс істейді. Оның 41-і ғылыми қызметкер болса, 46-сы әртүрлі бағыттағы зертханаларда еңбектенуде. Аталған нәзік жандылар ғылыми орталықтың егіншілік және сұрыптау, сондай-ақ, ғылыми гранттар бойынша барлық зерттеулерге белсене қатысады. Олардың біршамасы ғылыми бөлімшелердің басшылары қызметін атқарады.

Сеңгірінде сексеннің, Иран салы Көкшенің!

Иран сал ән шырқаса, дүние түрленіп, бұрынғы ғасыр қойнауына ұзаған сал-серілеріміздің кең тынысы, асқақ дауыстары көз алдымызға келе қалғандай болатыны шүбәсіз. Әнші ағамыздың ән әлемі өзінше бір таусылмайтын қазына. Әу деп бір бастаса, кешті түнге, түнді таңға ұластырып тоқтау таппайтындай-ақ репертуары, дарыны мен даралығы барына шексіз сенесіз. Өйткені, бойындағы тәңірім мен табиғаты берген зор қабілеті сендіреді. Шынында да, ән десе делебесі қозып, сахнада, небір алқалы ортада түрленіп, жасарып, шабыттанып шыға келетіні осы өнерге деген керемет бір жымдастығының, біте қайнасып, әбден етене болып кеткен алапат бір сүйіспеншілігінің айғағы болса керек.

Áleýmettik qamqorlyq