Monthly Archives: Май 2019

«Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім»

Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған «Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім» атты этномәдени бірлестіктердің форумы болып өтті.

Әркімнің дауыс беруі маңызды екені айтылды

Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында облыстық қоғамдық штабтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Ауған соғысы ардагерлері ұйымының өкілдерімен кездесті.

«Аманат» сайлаудың әділ және ашық болуына мүдделі

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына байланысты сайлауға мониторинг жүргізу жөніндегі «Аманат» азаматтық платформасының аймақтық семинар-тренингі болып өтті. Семинарға облыстық, аудандық, қалалық сайлау комиссияларының және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сайлаудың ұйымшылдықпен өтеріне сенімдімін

Еліміздің қазіргі даму сатысындағы өте бір маңызды да саяси оқиға – биылғы жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы. Бұл сәт біздің еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз.

Президенттікке үміткерлер – ел ішінде

Кəсіподақтар федерациясынан президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарының аясында Батыс Қазақстан облысындағы Сырым аудандық білім беру бөлімінде болып, «Кəсіподақ ұйымы жəне оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді. Үміткердің сенімді адамдары Амангелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген еңбек адамына жан-жақты қолдау көрсету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы жан-жақты түсіндіріп айтып берді. Кездесу соңында аудандық білім саласының кəсіподақ мүшелері бірауыздан сайлауда дауыс беруге белсенді қатысатындықтарын жеткізді.

Діни сауаты төмен елдің ертеңі бұлыңғыр

Иегінде кішкене шоқ сақалы бар жап-жас жігітті Алланың үйі – мешітте жолықтырдым. Намаз оқысы да маған ерсілеу көрінді. Әлсін-әлсін қолын иыққа дейін көтеріп қояды. Құлшылықтың соңында ол дұға тілеп, қол жайған жамағатты аттап өтіп жүре берді.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

2019 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы. Сайлау учаскелерінде сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады.

Экономика тұрақты дамуға тиісті. Талап осы!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде 2019 жылдың төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, денсаулық сақтау ұйымдарының апатты жағдайдағы нысандарды жөндеу және кейбірін жою жөніндегі жол картасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Жұлдыздар жарқыраған сәт

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеу аясында және

Көкшетауға ұлттық қолөнер мектебі керек-ақ!

  Қазақ халқы қолөнердің қыр-сырына ежелден қанық болып, өрелі өнерді атадан-балаға мұра еткені тарихтан белгілі. Қазіргі таңда ұлттық болмысымызды, тыныс тіршілігімізді сипаттайтын аяулы өнеріміз көзімізден бал-бұл ұшып бара жатқанын байқап жүрміз.

Эстафеталық жарыс өткізілді

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы бірлесіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында спорттық эстафета ұйымдастырды.

Алматыдан олжалы оралды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында домбырада күй тартудан республикалық кіші олимпиада болып өтті.

«Тазша балаға» талпыныс

Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен халық ауыз әдебиетінің інжу маржандарын кеңінен насихаттау, Тазша бала бейнесі арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзілкештігін, ұлттық өнерді насихаттау мақсатында «Тазша бала» байқауы болып өтті. Байқауға бастауыш мектеп жасындағы 7-12 жас аралығындағы оқушы балалар қатысты.

Жақсы атауын «Жоқ су» атауынан шыққан деп пайымдау қате…

Бұған дейін де аудандық газетіміздің қазақшасының аздығына, тілінің жұтаңдығына «жабуды жаба тоқып», көрсек те көрмегендей болып келгеніміз рас еді. Мысалы, Наурыз мейрамы туралы материалдарда да «құнан бәйгені» «құлан бәйге» деп ұсынғандарын қазақ тілді корректордың жоқтығынан болған жағдай ретінде қабылдаған еді оқырман. Бірақ, 19 сәуірде жарияланған «Путь от жок су до жаксы» атты мақаланы оқығанымызда еріксізден жағамызды ұстадық. Автор көнекөздердің айтуынша, кезінде ауылдың аты «Жоқ су» аталған деп пайымдайды.

Туған елдің тұғырлы перзенті

Көрнекті дәрігер, Ресей медициналық-техникалық ғылымдар академиясының академигі Серік Ескендірұлы Ыбыраевтың есімі елімізге жақсы таныс. Ол 1949 жылы Көкшетау облысының Красноармеец ауданындағы Көзашар ауылында туған. Орта мектептен кейін Целиноград мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі, хирург және қоғамдық денсаулық