Monthly Archives: Июль 2019

Жастар жылынан – Еріктілер жылына

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Әлем төртінші өнеркәсіптік революцияға бетбұрыс жасаған бүгінгі заманда мемлекетімізге белсенді, креативті жастар ауадай қажет. Сол себепті, қазіргі таңда жастарға қатты көңіл бөлініп отыр.

Бірегей жобалар – болашақ кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде елімізді дамытатын он бағытты белгілеген болатын. Өз сөзінде Президент: «Жастар Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқарады. Олар прогрестің қозғаушы күші болуға тиіс. Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. «Жастар – ел тірегі» арнайы жобасы жұмыс істеуде. «Жас кәсіпкер», жастар бизнес бағдарламаларын қолдаймыз, жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламаларын енгіземіз», – деп оныншы бағытты түгелдей жастарға арнады.

Әмір – озат оқушы

Биыл Әмір Пішенбаев Есіл орта мектебінің сегізінші сыныбын үздік аяқтап шықты. Ұстаздары да, замандастары да оны өте ақылды, зерек, ынталы оқушы ретінде таниды. Оның осы жақсы қасиеттері мен көшбасшылық қабілетін байқаған сыныптастары Әмірді мектеп президенті етіп сайлапты.

Елжандылыққа баурайды

Көкшетау қаласындағы «Рио» сауда үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен жас-
тарды отансүйгіштікке баулуға, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге және насихаттауға бағытталған патриоттық акция болып өтті.

Саналы жас, есірткіден аулақ бол!

Адам психикасы – медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген салаларының бірі болып табылады. Әсіресе, наркологиялық тұрғыда. Әдетте, жұртшылық маскүнемдік пен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды түсіне білген жөн.

«Zhas Project» жобасы іске асырылуда

Биылғы жылдың басынан бастап облысымызда «Zhas Project» жобасын іске асырып жатырмыз. Жалпы, бұл жоба осыдан үш жыл бұрын Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен қолға алынған болатын. Келесі жылға дейін жалғасатын жоба аясында 8500 жасты қамтуды жоспарлап отырмыз.

Қазақ жастары шетелде жұмыс істеуге неге ынталы болып отыр?

Технология дамыған қазіргі заман ағысында бәсеке өркениет дамуына әсер етіп, өмір сүру жолына айналды. Тиімді жағдай жасалған жалақысы жоғары қызмет түрлері пайда болды. Бәсекелестік алаңы кеңейіп енді ел ішінде ғана емес, шет елдерге барып жұмыс істеуге мүмкіндік туды.

БӘТЕН БАЛУАН

Қасиетіңнен айналайын, Көкшетау қашан да болсын дарындар мен таланттардан кенде болып көрмеген екенсің! Дүбірлеп өтіп жатқан дәуірлер мен жылдар еншісіндегі және де бүгінгі мен келер ұрпақтарымыздың шынайы мақтанышы болып қала берер иісі қазақтың дүлділдері Ақан сері мен Біржан сал, Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақ сынды жыр мен ән алыптарының әрқайсысының мұрасы мәңгілік дүниелер. Сол дара таланттар шоғырының бүгінгі буыны да бүгінгі қазақ поэзиясының көгінде жарқылдай көріне бастағаны да қуантады. Сондай жарқын да талантты жас буынның бір өкілі ақын Қуаныш Оспан дер едім. Көкшелік ақын Қуаныштың таланты жайлы және қазақ поэзиясындағы өзіндік үні жайлы кезінде қазақтың қабырғалы қаламгері Роллан Сейсенбаев та айтып, сүйсіне жазған-ды. Талантты тану жағына келгенде тартынып тұрар күйдегі жайға қарағанда бұл да бүгінгі әдебиеттің арлы бір ісі болды.

Математикаға бейім қазақ жастары көп

1991 жылы математиктердің дүниежүзілік конгресінде есімдері аталған әлемнің айтулы мың математигінің 30-ға жуығы қазақ болғандығын жұрттың бәрі біле бермейді. Солардың арасында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев та бар еді. Ол дүниежүзілік конгресс бекіткен мыңжылдықтың жеті есебінің бірі – Навье-Стокс теңдеуін шешіп, өзінің кәсіби дәрежесінің биіктігін әлем ғалымдары алдында мойындатты. Біз ғалыммен әңгімелесіп, ерекше ойларын елге жеткізуді жөн көрдік.

Тағылымды кеш

Елордада Оқушылар сарайында «Ана тілім – ардағым» атты рухани-тағылымды кеш өтті. Шара барысында Алаш арыстары – Міржақып Дулатовтың, Ғұмар Қараштың және Халел Досмұхамедұлының ХХ ғасыр басында қазақ тілінің болашағына алаңдап жазған монологтары оқылды. Әсіресе, Міржақыптың «Ауыл тілі» монологындағы «тілмәштар тілімізді шұбарлап, бұзып жатыр. Газет-журналдың бәрі қарапайым ауыл тілімен шықса ғой» деген секілді ойлары залда жиналған көрерменге ойтүрткі болды. Бір ғасыр бұрын Алаш қайраткерлері күңірене айтқан ойлар, олардың тіл болашағына алаңдап жазған хаттары, мақалалары әлі күнге дейін өзекті.

Күмбірлей бер, домбыра!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, жастар арасында «Күмбірлей бер, домбырам» байқауын ұйымдастырды.

Жетістікке жетудің бес сыры

Өмір теңізі телегей толқындарымен, бұрқанған дауылдарымен көрікті. Ал, мұнда тек өлі балықтар ғана ағыспен бірге ілесе бермек. Әр адамның санасында жетістікке жету жайлы ең үлкен үміттер мен алуан қорқыныштар шоғыры бар. Кез-келген жетістік шыңын бағындырушының тарихына үңілсек, олардың асқақ арманды табанды мақсатпен ұштастыра отырып тер төккенін байқаймыз. Бұл тұрғыда Билл Гейтстің оқудан қуылса да жасымай еңбекке араласуы, Оңтүстік Африканың қара нәсілді президенті Нелсон Манделаның көптеген жыл темір торға тоғытылса да рухы сынбай, жігері жасымай, өз мақсатына деген беріктігі мысал бола алады. Сонымен, жетістікке жетудің бағдарлары қандай?

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ: өміріміз жеңілдеді, міндетіміз көбейді

«Қазіргі кезде үйде тірлік жоқ, кірді кір жуғыш машинамен жуасың, еденді шаңсорғышпен тазалай саласың, от жақпайсың, күл шығармайсың, су тасымайсың…»

Шілденің аптап ыстығында өрт қауіпті бола түсті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғаныс полковнигі Манарбек Шапағатов жаз айларындағы өрт қаупі жөнінде айтып берді.

Жанкүйерлерін қуантты

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпес» футбол командасы Ақтөбелік «Ақтөбені» қабылдап, қонақтарды 4:0 есебінен ойсырата жеңді.