Daily Archives: 09.08.2019

Қымбатты мұсылман қауым! Құрметті жерлестер!

Біз қанша ғасырдан бері ислам күнтізбесіндегі екі ұлық мейрамның бірі – Құрбан айт мерекесін шынайы ыждаһатпен тойлап келеміз. Кешегі кеңес заманында да бұл мерекені иманы бар адамдар атап өтіп жатты. Бүгінде тәуелсіз ел болып, азаттық алып жатқан кезде бұл мереке Елбасының Жарлығымен мемлекеттік мейрам ретінде тойланады. Сондықтан, Құрбан айт барша мұсылмандар үшін аса қастерлі саналады.
Бұл мереке күнін мұсылмандар шат-шадыман болып қуана тойлап, бірін-бірі құттықтап, дұға тілесіп өткізеді. Шалынған құрбандарына арналған дастарханнан дәм татады. Жетім-жесірлерге де, мұқтаж адамдарға да қарасып, құрбан малдың етін таратады. Жалпы, бұл ізгіліктің мерекесі болып табылады.
Осы күні облыстың бүкіл мешіттерінде тағылымды шаралар өтеді. Мерекелік рәуіштегі бағдарламалар ұсынылып, халықтық мейрам ретінде тойлау жалғасын табады. Бұл ретте қайырымдылық шараларға көбірек назар аударылады.
Осының бәрі асыл дініміздің ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан тағылымды жолы дер едік. Қазір әркім осы мерекені сағына тосады. Құрбан шалу – мерекенің ең басты рәсімдерінің бірі. Қасиетті Құран Кәрімде: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят) делінеді.
Шамасы келген адамдар құрбан шалып, Аллаға жақындай түсуі керек. Ең бастысы, имани құндылықтар адамды ізгілікке бастайды. Бұл мерекеде құрбан шалып, дастархан жаю емес, асыл дініміздің адамдарды тек жақсылыққа жетелеп, өзгенің де қамын ойлап, қарасуға тәрбиелейді.
Рухани жаңғыру бастау алған кезде дініміздің де жоралғы рәсімдері жандана түсіп, қазағымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып, ұлтымыздың өркениетті елдермен терезесін теңестіру үшін биік белестерді ала беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Құрбан айттарыңыз қайырлы да құтты болып, Алла тағаладан тілеген дұғаларымыз қабыл болуға жазғай!

Қуаныш Сәбит,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Ақмола облысы бойынша өкілі,
Науан хазірет мешітінің бас имамы.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Құрбан айтпен құттықтауы

Қымбатты ақмолалықтар!
Баршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айттарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстан өзінің бай рухани мұраларымен және қайталанбас тарихи, мәдени, діни дәстүрлерімен мақтана алады. Біздің елімізде Құрбан айт – бұл тек мұсылмандарды ғана емес барша қазақстандықтарды біріктіретін достық пен келісім, жаңғыру мен жасампаздықтың мерекесі.
Біз өзіміздің озық дәстүрлерімізді дамыта отырып, қоғамдағы мәдени және рухани сантүрлілікті сақтауымыз, еліміздің азаматтарының арасындағы татулық пен сенімділікті нығайтуымыз қажет. Бұл ежелден келе жатқан халықтық мейрам әлемнің барлық діндерінде көрініс тапқан қайырымдылық пен мейірбандық, әділеттілік сияқты жақсы қасиеттерді насихаттап, адамдардың бойында орнықтыруға ықпал етеді. Құрбан айт – адамдардың жақын туыстары мен таныстарына, айналасындағыларға жүрек жылуын сыйлауға мүмкіндік беретін мейрам.
Осы ұлық мереке күні қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, зор табыс тілеймін! Аңсаған арман-тілектеріңіз орындалып, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Құрыш қолмен келген табыс

Қашанда мерекедегідей жайнап тұратын «Достар» мәдениет сарайының жасауы бүгін де құлпыра көз тартады. Led-экран, балауса гүлдермен безендірілген әсем сахна мен зәулім зал мерекелік көңілді желпіндіре түскендей. Жуырда 195 жылдығын атап өткен Көкшетау қаласы мен өңір құрылысына қанат бітірген ардагерлер, бүгінгі майталмандар құрмет төрінен орын алды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұртшылықпен бірге оларды жылы шыраймен қызу құттықтады.

Құштарлық күннің нұрын көргізді

Ат айналғысыз аядай бөлмеде әлдебір бөлшектерді салғастыра қарап, қауырт жұмыс істеп отыр екен. Тағдырдың тәлкегіне түскен осы бір жанның еменнің иір бұтағындай беріктігіне, қайыспас қайсарлығына таң қалдық.

Орман өртін болдырмаудың басты жолы – сақтық шаралары

Облыста өрт қауіпі мол жазғы маусым басталғаннан бері 55 гектар алқапта 30 орман өрті, 207 гектар алқапта құрғақ шөп жануының 59 оқиғасы тіркелді. Өрт қауіпсіздігі нормасы мен талаптарын бұзған 46 адам жауапқа тартылды. Біржан сал ауданының ормандарында 8 рет өрт орын алып, сөндірілді. Бурабай ауданында да 5 өрт оқиғасы болды. Өңірлік коммуникациялар қызметі Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірге өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Зеренді мен Сандықтау аудандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

Шіркеу құрылысы соңына жақын

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында салынып жатқан православ шіркеуінің құрылысымен танысып, шіркеудің алда атқарылатын ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстарына назар аударды, сондай-ақ, құрылысты көпке созбай аяқтау қажеттігіне тоқталды.

Екі ауылда тұрғын үйлер салынады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Зеренді ауданының Ақкөл селолық округінде болып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациясын және егіс алқаптарын аралап көрді.

«Өз үйімді» игілігімізге жаратсақ

Тұрғын үй құрылысы – экономиканың маңызды саласы және 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының басшылары «Өз үйім» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында пайдалануға берілетін бірқатар тұрғын үйлерге баспасөз турын ұйымдастырды.

«Дизайн орталығының» 100 жобасы

Бұрын да көз тартарлық Көкшетау соңғы он жылда айрықша түрленіп, гүлденіп келеді. Қаланың басты жасауы заманалық реңктегі ғимараттар десек болады. Бәріміз құрылысшыларға қол соғамыз. Бұл дұрыс. Бірақ, кез-келген құрылыс жобалаусыз басталмайтыны да анық қой.

Бас жоспары бар елді мекендер қатары көбейіп келеді

Кез келген елді мекеннің дамуы бас жоспарға байланысты екендігі белгілі. Осы орайда, облыстың 617 елді мекенінің 482-сі бас жоспармен қамтамасыз етілген.

Жарты жылда – 3 мың пәтер

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Ысқақова «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

Еселі еңбектің ырыздығы

Ел экономикасының күретамыры ретінде бағаланған салада тер төгіп жүрген теміржолшыларымыздың кәсібі мен игі ісі жыл он екі ай бойы сұранысқа ие.

«Масыл болғаннан мамандық игергенім жақсы»

Белгілі бір кәсіпті игеріп, еңбегіңнің зейнетін көрсең, татқан дәміңнің де тәтті бола түсетіні бар. Ол үшін әрине, уақытша жұмыссыз жүрген адамдарды бағыттап, оң жол сілтеудің маңызы зор.

Жастарды «Жас кәсіпкер» жобасы күтеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде брифинг болып өтті.

Нұрлы көш. Бүлдіршіндер, алаңсыз ойнап өс!

Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр елді мекенінде шеттен оралған қандастарымызға арнап салынған Нұрлы көш ауылының да бұл күнде етек-жеңі түзеліп, тұрмысы, әлеуметтік бет-бейнесі жақсарып келеді