Daily Archives: 01.11.2019

Жасампаз жастар үшін зор мүмкіндік

Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Жас талантты қазақстандықтарды қолдау аясында мемлекеттік қызметте де жекелеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру міндеті қойылды.

Еріктілер жылы – елдік іске бастайды

Алдағы Еріктілер жылы қарсаңында Степногорск қаласында еріктілердің «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтіп, белсенділері марапатталды.

Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Дау шешу. Қазақтар арасында көбіне жер мен жесір дауы орын алған. Дауласқан адамдар биге жүгінген. Даулы мәселе үлкен жиында талқыланған. Сол жерде екі жақтың адамдары дауласудың себебін түсіндіреді. Сөз сұраған адам қамшысын ортаға тастап сөз алады. Қорытынды сөзді төбе би айтады. Оның түпкі мақсаты – екі жақты татуластыру. Төбе бидің байламы қайта қаралмайды. Дау шешілген соң төленетін айыптың оннан бір бөлігі «төбе биге» беріледі. Көп жағдайда айып мал басымен есептеледі.

Шығармашылық пен ынтымақтастықтың куәсі

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында, Ақмола облысы әкімінің қолдауымен облыстық орыс драма театрында

Құрметтің ән сазы

Құрмет Сақай халықаралық фестивальдің және республикалық конкурстардың 14 мәрте лауреаты, 2009 жылдан бастап Композиторлар одағының мүшесі. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңынан бастап өнердің биігінен үнемі көрініп келе жатқан белгілі композитор – Құрмет Сақай ән жанрында жемісті еңбек етуде.Құрмет Сақай 1953 жылы 28 наурызда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында ән мен күй үзілмейтін жанұяда дүниеге келген. Әкесі Сақай Қарсыұлы мамандығы заңгер болғанымен Моңғолия қазақтарына танымал күйші болған. Сақай ақсақал кәсіби музыкалық білімі болмағанымен, халық ішінен шыққан талантты өнер иесі еді. Халық күйлерінің тарихын зерттеп, «Күй керуені» атты кітап жазған.

«Әлеуметтік қызметтер порталын» енгізу бойынша сұрақтар тізімі

1-сұрақ. Ауылдық елді мекендерде интернетке және ұялы телефондарға қолжетімділігі жоқ мүгедектігі бар адамдар порталды қалай пайдалана алады? Және техникалық оңалту құралдарын  таңдау кезінде кімдер көмек көрсетеді?

Жауап: Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құратын болады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің мамандары ЭЦҚ алу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.