Monthly Archives: Декабрь 2019

Жылдың жұлдызы – Әлихан

«AQMOLA POWER» облыстық инновациялық идеялар мен жобалар конкурсында Көкшетаудағы жоғары техникалық колледждің 2 курс оқушысы Әлихан Қайырдың «Сумен жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқышы» атты жобасы үздік деп танылған болатын. Жуырда байқау жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімінде ізденімпаз жаспен жақынырақ танысып, жобасы жайлы тілдесудің сәті түскен еді.

Қоңыр үнді қобызым!

Қазақ деген халықтың Тәңірі сыйлаған өлмес өнері, өшпес мұрасы әнеу замандардан, әлмисақтан ырғын көп болған-ды. Бұлдыр-бұлдыр уақыттарда бұлт болып көшіп, өмір ағысының өзен арнасы болып ақтарылып, замана көшінің зар запыраны болып сөгіліп, көз жасы, көңіл қуанышы болып төгіліп, тіршілік заңына

Құрметті ақмолалықтар!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы баршаңызды келе жатқан Жаңа 2020 жылмен құттықтайды! Өткен жыл оңай болған жоқ, бірақ, біз көптеген күрделі міндеттерді шешуді, нақты мүмкіндіктерді анықтауды және оларды өмірге енгізуді үйрендік. Осы жыл өмірлік даналықпен және күшпен толықты, бұл

Ескі жылым есіркеп, Жаңа жылым жарылқап, қуанышыңды ала кел!

2019 жылдың басты оқиғасы! 19 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен президенттік өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдап, Қазақстан халқына Үндеу арнады. «Әр ұрпақтың өз міндеттері бар. Мен және менің замандастарым еліміз үшін

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың жаңа жылдық құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Келе жатқан 2020 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл айтулы мерекені біз қашанда қуанышты көңіл күймен және болашаққа деген үлкен үмітпен қарсы аламыз. Жаңа жыл жас баладан қарияға дейінгі барша адамдарды біріктіретін жаңа өзгерістердің, болашаққа деген мақсат,

Жанға жайлы қуаныш

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,

Президенттің жыл ішіндегі Ақмолаға үш мәрте сапары

Елорда маңындағы елді мекендерге әрдайым көңіл бөлінеді

68 жоба қолдау тапты

Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облыста мемлекеттік субсидия алу үшін жалпы құны 3 миллиард теңгенің 68 жобасы қолдау тапты. Оның ішінде «Даму» қоры арқылы жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеге 69 кепілдеме берілді.

Әрдайым қолдау бар

Ақмола облысында 46,1 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп, жарты жылдықта 299 миллиард теңгенің өнімін шығарды. 2010 жылдан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 143,6 миллиард теңгенің 1231 жобасы мақұлданып, 747 жоба сыйақысының пайыздық ставкасы субсидияланды.

2019 жыл: табыс және нәтиже

Тұрғын үй

Биылғы жылдың 11 айында 490,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4120 пәтер пайдалануға берілді. Бұл былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 110,1 пайыздық көрсеткіш.

Ертегі әлеміне саяхат

Жаңа жыл – бұл барлық адамдар үшін көңілді мереке, ғажайыпты күту уақыты, жақсылыққа үміт арту және ертегіге деген сенім. Бұл күндері әрқайсымыз бір-біріміздің көңілімізді көтеруге асығамыз.

Ғажайыпқа толы мереке

Жаңа жыл балалар үшін ғажайыпқа толы мереке. Осыған орай жер-жерде, балабақшалар мен мектептерде мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.

Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?

Жалпы, біз бұл күн басқа ұлттың төл мерекесі, біздің Жаңа жылымыз наурыз айында деп есептегенімізбен, 31 желтоқсан күні аталып өтетін бұл мейрамның жан баласы үшін алар орны ерекше екендігін мойындауымыз керек. Балаларды айтпағанда, үлкендердің өзі Жаңа жыл мерекесіне аса ыждаһаттылықпен дайындалып, ғасыр дөңгелегі алға жылжып, тағы бір жылды артқа тастаған сәтте болашағының өзгеретініне үмітпен қарайтыны бар.

Мейірім керек адамға!

Көкшетау қаласында «Мен өзім жүремін» оңалту қоғамдық қоры «Имани жүрек» қайырымдылық қорымен бірігіп,

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы