БАӘ-ден Алтын!

Біріккен Араб Əмірліктерінде өтіп жатқан пауэрлифтингтен Азия чемпионатында жерлестеріміз Алена Солопова мен Сергей Вайгант алтын медальға қол жеткізді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мəліметі бойынша Дубай қаласында ұйымдастырылған байрақты жарысқа Азия құрлығының 20 елінен келген спортшылар қатысып, бақ сынау-
да. Жарыс халықаралық пауэрлифтинг федерациясының (IPF) ережесі бойынша өтуде. Қазақстан құрамасы сапында болған ақмолалық спортшылар, 52 келі салмақта жастар арасында сынға түскен Алена Солопова классикалық әдіс бойынша және 105 келі салмақта ерлер арасында күш сынасқан Сергей Вайгант жатып көтеру әдісі бойынша құрлық чемпион атанды. Сонымен қатар, Диас Шәкірхан (53кг) күміс, Анастасия Колесникова (52кг) мен Арлан Еркінұлы (59кг) қола жүлдеге ие болды. Жерлестеріміз тәжірибелі бапкерлер Асылжан Әлмерденов, Евгений Евдокимов, Юрий Колесников және Кирилл Павленконың жетекшілігімен облыстық жоғары спорттық шеберлік, Көкшетаудағы «Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде жаттығуда. Пауэрлифтингтен Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Андрей Шаляпин спортшылар жеңісін жоғары бағалап отыр.
– Шәкірттерімнің жетістігіне көңілім толып отыр. Қарсыластар мықты, бір-біріне лайық болды. Финалдық жарыс тартысты өтті. Біз жеңдік, – дейді Андрей Шаляпин.
Алда әлі жарыстың үш күні бар. Ақмолалық пауэрлифтерлердің қоржындағы медальдар санын еселей түсуге мүмкіндігі бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар