Ақтаудан – үш қола!

Ақтауда ересектер арасындағы таэквондодан WT үшін Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Ірі ауқымдағы турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ден астам спортшы қатысты. Жарыстар екі бағдарламада – керуги және пумсе түрінде өтті.
Айтулы жарыста біздің жерлес спортшымыз Арайлым Қажтаева өзінің табандылығымен ерекшеленіп, екі бағдарламаға да қатысып, екі қола медальды жеңіп алды. Байқаудың алғашқы күнінде Арайлым 53 келіге дейінгі салмақ категориясында Қазақстан чемпионы, ұлттық құраманың мүшесі қатарында жартылай финалға жолдама алды.
Тағы бір ақмолалық спортшы қызымыз Айғаным Қуанышбекова күрестен жақсы өнер көрсетіп, ширек финалға шығып, ұлттық құраманың қатарында төртінші орыннан көрінді. Жарысқа дейінгі еселі еңбек, төккен тер текке кетпеді. Байқаудың соңғы күнінде Айғаным Қуанышбекова үшінші орынға ие болды.
Спортшы қыздарымызды Ақмола облысының бас жаттықтырушысы Ержан Орманов дайындайды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар