Білегі мықты бозбала…

Алматы қаласында пауэрлифтинг пен жатып көтерілуден Қазақстан Республикасының чемпионаты мәреге жетті.

Сайысқа барлық облыс орталықтары мен Алматы, Астана қаласынан 300 спортшы қатысты. Аталмыш чемпионатта Көкшетау қаласындағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің жаттықтырушысы Асылжан Әлмерденовтың шәкірттері жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әртүрлі салмақ дәрежесінде пауэрлифтинг пен жатып көтерілуден Елшат Балажанов бірінші орын алса, Абылай Күлбаев пауэрлифтинг бойынша екінші орынға қол жеткізді.
Чемпионат қорытындысы бойынша жерлестеріміз Қазақстан Республикасының құрамасына алынды. Енді олар сәуір айында Алматы қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.
Әділ ӘБІЛОВ,
Көкшетау қаласындағы
мамандандырылған балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар