iPhone Xs және iPhone Xs Max Kcell Store дүкендерінен сатып алуға болады

Дәстүр бойынша әрбір күзде Apple компаниясы жаңа флагмандарды ұсынады. Биылғы жылы Apple компаниясы iPhone Xs, iPhone Xs Max, iPhone Xr және Apple Watch Series 4 смартфондарды ұсынды. Kcell Store желісінде және «Кселл» абоненттік кеңселерінде 28 қыркүйектен бастап iPhone Xs және iPhone Xs Max толық құнына және ұялы байланыс қызметінің топтамасымен бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.

iPhone Xs және iPhone Xs Max үш түсте: күміс, қара және алтын түсте. Apple құрылғыларының құны смартфонның жад көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Осылайша 64 ГБ iPhone Xs құны 534 990 теңге болса, 256 ГБ iPhone Xs 614 990 теңге, ал 512 ГБ iPhone Xs құны 719 990 теңгені тұрады.

Смартфондарға «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша бөліп төлеуге қол жетімді. Келісімшартқа телефоннан басқа байланыс қызметтері кіреді: сөйлесу үшін минуттар, SMS және ай сайынғы төлем мөлшеріне байланысты 12 ГБ бастап 50 ГБ дейін кез келген талғамда мобильді интернет.

Мәселен, iPhone Xs 64 ГБ 24 айға бөліп төлеуге 25 150 теңге айлық төлеммен алдын ала төлемсіз алуға болады. Бұл ретте ай сайын 20 ГБ трафик, шектеусіз минуттар саны және желі ішінде 1000 SMS және Қазақстан бойынша басқа ұялы операторларына қоңырау шалу үшін 200 минут есептеледі. «Келісімшарттық телефон» науқаны скоринг өткеннен кейін қолжетімді.

Kcell абоненттері үшін қолайлы төлем шарттарын осы жерде, ал аctiv абоненттері үшін осы жерде таңдауға болады.

Көп ұзамай Kcell алғаш рет Apple Watch Series 3 және Apple Watch Series 4 сата бастайды. iPhone Xr толық құны және бөліп төлеу бойынша сатып алу үшін кейіндеп шыға бастайды.

Apple компаниясының флагмандарында қандай жаңалық бар:

iPhone Xs және iPhone Xs Max смартфондарға жаңа A12 Bionic процессор орнатылды, әзірлеушілердің растамасы бойынша, бұл смартфондар үшін жасалған ең қуатты процессор.

Neural Engine жаңа жүйесі машинада оқытуды қолдауды қамтамасыз етеді. Мысалы, осы жүйенің нәтижесінде, енді Face ID бұрынғыдан да жылдам жұмыс істейді. «Сурет» режимінде суретке түсу сапалы болды. Камера фонды жақсы айырады және контурларды анықтайды. «Ауқымдылық» функциясы қосылды. Онымен сіз артқы фондағы көмескілік дәрежесін реттей аласыз. Осының барлығы Neural Engine модулінің нәтижесінде мүмкін болды.

Сондай-ақ, жаңа сенсорлармен және жетілдірілген фото өңдеу алгоритмдерімен жаңартылған камералар Smart HDR функциясын алды. Камера тіпті күрделі динамикалық ауқымы бар сахналарда жоғары сапалы суреттерді жасауға қабілетті.

Үлкен экрандарды жақсы көретіндер iPhone Xs Max-ті бағалайды, оның экраны 6,5 дюйм. Бұл айтпақшы, iPhone тарихындағы ең үлкен дисплей.

iPhone Xs және Xs Max Apple компаниясының 512 ГБ кіріктірілген жады бар бірінші смартфондары болды. Алдыңғы модельдерде ең жоғарғы көлемі 256 ГБ болды.

Apple компаниясының смартфондары IP68 стандарты бойынша шаң мен ылғалдан қорғалған. Бұл заманауи смартфондар үшін шаң мен ылғалдан қорғаудың ең жоғарғы дәрежесі. Енді iPhone 2 метрге дейін тереңдікте және 30 минут ұзақтықпен суға батыруға төзімді.

iPhone Xs және iPhone Xs Max мүлдем жаңа стереодинамикаларға иеленді. Дыбысы қатты әрі ауқымды болды. Сонымен қатар, енді бейне камераға стереодыбыспен жазылады. Айта кетейік, Apple компаниясы бастапқы жиынтықтан құлаққаптарға арналған жалғастырушыны алып тастады. Сондықтан, смартфонның өзінен басқа қорапта тек құлаққаптар, зарядтауға арналған адаптер және Lightning кабелі бар.

Егер сіз Apple өнімінің жанкүйері болсаңыз немесе нақты осы жаңа өнімдер қызықтыратын болса, сіздерді өзіміздің дүкендерімізде және абоненттік кеңселерімізде күтеміз. Дәл қазір жаңа iPhone иесі болыңыз.

Бөліп төлеу шарттары туралы толық ақпаратпен осы жерде танысуға болады.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар