Киімге қатысты тыйымдар

►Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап кию жақсы ырым саналады.
►Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер адам оны кимесе біреуге сыйлау керек.
►Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан улы жәндіктер болса, ұшып түседі.
►Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.
►Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналды.
►Бас киімді теріс киюге, тебуге, лақтыруға болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.
►Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара қайғының белгісі болып саналады.
►Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
►Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн.
►Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.
►Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.
►Қазақта жаңа киген киімге байғазы береді, түйме тағады. Онысы – түйме артынан түйе келеді деген ырымы.
►Қазақта жалғыз ұл балаға жамау-жамау киім кигізіп, төбесіне айдар қояды. Онысы – балаға жат көздің сұғы қадалмасын, тіл тимесін дегені.
►Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.
►Қазақ аяқ киімінің табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын жері жоқ, аяқ киім де таза емес. Былғанышты көрсе – көз ұшынады деп есептейді. Ал, аяқ киімінің табанына қарай қалған күннің өзінде үш мәрте түкіреді. Онысы – көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын дегені.
►Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар