Жоғары технологиялық техникалар жинап шығарамыз

Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы – ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы әлемдік көшбасшыларының Қазақстан Республикасы аймағында ресми серіктесі болып табылатын қазіргі заманғы көп қырлы көтерме, тіркеме және өзі жүретін ауыл шаруашылығы техникаларының өндірушісі.

Компания 2010 жылы «Қазақстан-Беларусь ауыл шаруашылығының және коммуналдық техникалардың индустриялық-технологиялық паркі» инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясында құрылды. Қазір «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның 19 ірі қалаларында филиалдық жүйесі бар «Вираж» холдингісінің құрамына кіреді. Кәсіпорынның негізгі жұмысы жер өңдейтін, мал азығын дайындайтын, тіркеме тәрізді өзге де ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларды құрастырып, сату болып табылады. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының отандық машина жасау саласында алдыңғы қатардан орын алады.
2012 жылы «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» серіктестігі Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техникалары индустриялық-технологиялық паркінің құрылысын жүзеге асыра бастады. Бұл жоба «Индустрияландыру картасы» мен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. 2016 жылдың қыркүйегінде Елбасының қатысуымен гильотин, плазмалық кесу, темір майыстыру, токарлық станоктар, бояу мен кептіру камерасы және кран тәрізді жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған 12 мың шаршы метрден артық өндірістік алаңы бар индустриялық-технологиялық парктің ашылу салтанаты болып өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Америка құрама штатында америкалық іскер адамдармен 7 миллиард доллардың келісім-шартына қол қойды. Сол жобалардың бірі қазақстандық рынок үшін егіс қондырғыларын «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» серіктестігінің базасында бірлескен өндіріс бойынша «Amity Tehnology» компаниясымен келісім-шарт болды. Кейбір ұстаным бойынша шығарылатын өнімдерді оқшауландыру деңгейі 90 пайызға дейін жетеді. Кәсіпорында 100 жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш 230 орынға дейін көбейтіледі деп жоспарлануда. Компанияда «КазАгроФинанс» және «Аграрлық несиелік корпорациясы» акционерлік қоғамдарының қаржысы бойынша жеңілдетілген қаржы тетіктерін соңғы тұтынушыға ұсынудың тұрақты жұмысы жүргізіледі. Бірнеше жылдан бері серіктестік өзін ауыл шаруашылығы техникаларын сенімді тасымалдаушысы ретінде көрсетті. Бұл жобаны одан әрі жүзеге асыру еліміздің қолда бар машина-трактор секторын жаңғыртуға, соңғы тұтынушылар үшін дайындалған өнімнің бағасын төмендетуге және импортты ауыстыру үлесін көбейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын жыл сайын барлық көрмелерге, форумдар мен әртүрлі шараларға қатысады. Үкіметпен жыл сайын агроөнеркәсіп кешенінің техникалық жабдықталу деңгейін арттыруға, сондай-ақ, отандық ауыл шаруашылығы өндірісіне ерекше назар аударылады.
Биылғы жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған делегация келіп кетті. Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Инвестиция және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбек, «КазАгро» акционерлік қоғамының төрағасы Рүстем Құрманов және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов болды. Олар мұнда ауыл шаруашылығы техникалары өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты. Өткен жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» серіктестігінің кәсіпорны 400 әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасын шығарды. Биылғы жылы бұл көлемді екі есе көбейту жоспарлануда. 2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласында Индустрияландыру – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Қазақстан машина жасаушыларының алтыншы форумы болып өтті. Мұнда баяндама жасадым. Біздің серіктестіктің ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді бағытымен айналысуды жоспарлаған болашақ фермерлерге ұсынары көп. Сапа, инновациялық және қолжетімділік бұл «КАИК» серіктестігі шығаратын өнімнің негізі. Бұл кәсіпорынның өндірістік номенклатурасы әрбір фермердің жұмысы үшін қажетті барлық техникалар спектрін қамтиды. Жеңілдетілген қаржы тетіктері, жекеменшік логистикалық компания және сервистік қызмет әрбір фермерге жоғары қызмет көрсетуге және қолдауға кепілдік береді. «КАИК» серіктестігінің басты мақсаты – отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қазіргі заманғы жоғары технологиялық техникамен қамтамасыз ету.

Олег БОЛЫБИН,
«Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» серіктестігінің бас директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар