Құрастырушы шебер

Көкшетауда камаз жүк автокөліктерін құрастырып шығаратын танымал «КамАЗ-Инжинириг» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Бүгінде зауытта 50-ге тарта ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызмет саласына қажетті автокөліктер, жоғары сапалы жол талғамайтын сүйрегіштер және басқа да қазіргі заман талабына сай жүк көліктері құрастырылып шығарылады. Камаз автокөлігі тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. Осы орайда, үлкен жүк автокөліктерін құрастыратын №5 құрастыру цехының құрастырушы-слесарь шебері Самат Балташевтың еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Оның кәсіпорында еңбек етіп жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Жұмыстың барлық кезеңінде өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жігіт бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.
Суретте: құрастырушы-слесарь шебері Самат Балташев.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар