Аттестация – ұстаздық қызметке серпін берді

Бүгіндері елімізде 60 мың ұстаз біліктілік деңгейін анықтау мақсатында арнайы тестілеуден өтті, олардың екі мыңға жуығы ақмолалық педагогтар.

Биылдан бастап елімізде ұстаздардың біліктілігін анықтау жаңа форматта жүргізіледі. Аттестаттаудан сәтті өткен мұғалімдерге педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер деген жаңа категориялар беріліп, жалақылары көбейеді. 2018 жылы берілген және расталған категориялар 5 жылға дейін жарамды.
Жалпы ниет білдірген 2156 мұғалімнің жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткені 1925. Тарқатып айтар болсақ, педагог-модераторға – 694, педагог-сарапшыға – 779, педагог-зерттеушіге – 425 және педагог-шеберге – 27 мұғалім.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, аттес-тациядан өткен мұғалімдердің жалақыларына 30 пайыздан 50 пайызға дейін қосымша ақы алатын болды.
Біз осы орайда, жаңа бағдарлама бойынша аттестацияның жаңа үлгісі бойынша сараптаудан өткен мұғалімдерден пікірлерін сұрадық. Солардың бірі – М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, педагог-зерттеуші Шаттық Қарасартова. – Биылғы мұғалімдер біліктілігін аттестациялаудың жаңа формасы педагогтар арасында қобалжу туғызғаны бәрімізге мәлім. Бірақ, өз ісіне мығым ұстаздар қауымы бұл сынды да көтереміз деген ниетпен өтініштерін берген болатын. Басшылар жағынан көрсетілген қолдаулардың арқасында мұғалімдер бойындағы үрей бірден сейіліп, аттестациялаудың бірінші кезеңі тестілеуді жақсы тапсырып шықты. Қалалық және облыстық білім басшылары мұғалімдерге сәттілік тілеп, олардың тестілеуді ойдағыдай тапсырып шығуларына психологиялық жағынан демеу берді. Бұл мұғалімдерге үлкен сенім ұялатты. Бойларында көп жылдан бері жинаған біліктілігін көрсету, өз мүмкіндігін сынаудағы аттестациялаудың жаңа үлгісі мұғалімдерге бір үлкен серпіліс туғызды. Жоғары оқу орнында ғана оқыған педагогика және психология теориясын еске түсірді. Мен де өз тарапымнан педагог-зерттеуші дәрежесіне өтініш берген болатынмын. Тестілеуден жақсы өтіп, екінші кезең мұғалім портфолиосынан да ойдағыдай өттім. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен құрылған аттестациялау комиссиясы мұғалімдер портфолиосын қарап, берілген өтініштеріне сай жетістіктерін әділ бағалағандарына ұстаздар қауымы да дән риза. Жаңа оқу жылында еңбектері бағаланып, үстеме жалақы алатындарына да қуанышты. Сондықтан, әріптестерімді осы оқу жылындағы қуаныштарымен құттықтап, жаңа оқу жылына жаңа табыстар тілеймін. Білім басшыларына осы аттестация барысында көрсеткен қолдаулары мен демеулеріне әріптестерімнің атынан үлкен алғыс айтамын,– деді ұлағатты ұстаз. Ал, Зеренді ауданының Қошқарбай негізгі мектебінің директоры Айгүл Толқынбекқызы Жылқыбаева өз ойын былайша сабақтайды. – Биыл педагог-зерттеуші, жоғары санатты алу үшін аттестациядан өттім. Аттестацияда жаңа модельдің критерийлері бойынша құжаттарды тапсырдым. Әдетте мұғалімдер қағазбастылықтан арыла алмайтын. Қажеті жоқ, қажетті құжаттар көп толтыратынбыз. Бұл жолы артық қағазды сұраған жоқ. Комиссия жұмысы ашық және барынша айқын болды. Аттестациядан өткен педагогтарды объективті бағалады.
Мұғалімнің оқу процесіндегі орны мен рөліне деген жаңа көзқарасты қалыптастырмай тұрып біздің өміріміздегі, сонымен қатар, білім беруде сапалық өзгерістерге қол жеткізу және мұғалімдермен оқытудың құзыреттілік-бағдарланған тәсілдерін ескере отырып, жаңартылған мазмұндағы жаңа мақсаттар мен міндеттерді, оқытудың тәсілдері мен әдістерін, бағалаудың жаңа нысандарын ұғынбау іс жүзінде мүмкін емес.
Сондықтан, мұғалімнің жаңа форматтағы аттес-тациядан өтуі жалпы педагогикалық қызметтің мақсаттары мен әдістерін өзгертуге дайын болуын қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Индира ҚАЛЫМЖАНОВА,
Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар