Мемлекеттік қызметтің жаңа мүмкіндіктері

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаменті «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді. Аймақтық семинарға Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Біржан сал атындағы аудандар мен Көкшетау қаласының мемлекеттік қызмет көрсету саласының өкілдері қатысты.

Алқалы жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаментінің басшысы Берген Беспалинов, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Ақмола облыстық басқармасының басшысы, әділет аға кеңесшісі Күнсая Балғожина, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов, «Белый блогер» қоғамдық бірлестігінің президенті Ерлаз Жайықбаев, Ақмола облысы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметті талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек сөз сөйледі. Шешендер бүгінгі шараның мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін енгізу, бұл бағыттағы ұтымды ұсыныстарды талдау, осыған қатысты сыбайластық қылмыстарға жол бермеу және ортақ істегі азаматтық қоғам мүшелерінің белсенділігін күшейту жөніндегі алға қойылған мақсаттардың тиімді сараланғанын атап көрсетті.
Мұндай семинарлар Ақкөл және Целиноград аудандарында да өткізілетін болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар