Пәтер алудың мүмкіндіктері түсіндірілді

«Көш көлікті болсын!» республикалық акциясы шеңберінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін қоғамдық қабылдау өтті.

Бұл жолы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарға «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Әсет Боранбаев депозит ашу, банк жеңілдіктері мен шарттары және баспана алу бойынша қойған сауалдарына жауап берді. Айтарлық, Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткер Ботажан Нұрышева аталмыш банктің салымшысы ретінде көптен күтіп жүрген арманы баспана алу мүмкіндіктерін сұрап білді. Оның айтуынша, ол 2010 жылдан бері қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі арқылы толық емес отбасы ретінде пәтер кезегіне тұрған. Қазіргі кезде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ашқан депозиті де бар. Алайда, онда ақша аз болғандықтан, пәтер алу мүмкіндігі келмей жүрген көрінеді.
– «7-20-25» деген жаңа бағдарлама шықты деп естіп жатырмыз. Осы бағдарламаға қатысып, бас-
паналы болудың мүмкіндіктерін білуге келдім. Депозиттегі ақшам аздау болып отыр. Банк қызметкері ретінде маған қандай ақыл-кеңес берер едіңіз, – деді Ботажан Нұрышева.
Осы орайда, банк өкілі «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін пәтер құнының жиырма пайызын қайткен күнде де жинау қажеттігін түсіндірді. Оған қоса, банк салымшылар үшін қолайлы «Өз үйім» бағдарламасының да жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
– Бұл банктің өзінің ішкі бағдарламасы. Оған да қатысу үшін салымшыларға барынша аз талапты орындау, атап айтқанда, 20 пайыз көлеміндегі бастапқы жарна жинау қажет. Кейін жылдық мөлшерлемесі төмен пайызбен заем алуға болады, – деп түсіндірді Әсет Боранбаев.
Қоғамдық қабылдауға келген Әлипа Бекмағамбетова, Орынбасар Нұғыманова, Гүлбарам Жұмағалиеваларға да банк шарттары мен жеңілдіктері түсіндірілді. Банк өкілі жалпы қабылдауға келген азаматтарға мемлекеттің әлеуметтік пәтерлерін кімдер ала алатыны, бас-
пананы төменгі пайызбен несиеге қалай сатып алуға болатыны және арзан тұрғын үй сатып алу үшін жинақ ақшаны қалай сақтау керектігін айтты. Қазір Ақмола облысының 35 мыңнан астам тұрғыны «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» депозит ашып, қаражат жинап жатыр. Олардың барлығының келешекте баспана алу мүмкіндігі зор.
Сонымен қатар, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «7-20-25» жаңа экономикалық саясатын қолдай отырып, халықтың басым бөлігін әлеуметтік тұрғын үймен қамту үшін банктің қосымша қандай іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын айтып берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар