Әлемдегі өзекті мәселеге айналып отыр

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласы «Севказэнерго» ЖШС-ның жұмысшылары ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында президенттікке кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндап берді.
«Экологиялық аспектілердің қажеттілігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін назарға ала отырып, экологиялық қауіпсіз дамуға көшудің негізгі міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды ұсынып отырмын. Жағымсыз экологиялық жағдай жалпы әлемдегі өзекті проблемаға айналып отыр» – деп атап өтті Әбілғазы Құсайынов.
Осының салдарынан кандидаттың пікірінше, табиғаттың экожүйесіне жүктелген өндірістік салмақ бірнеше есеге арта түсті.
Табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы, гендік қор мен биологиялық әртүрліліктің жұтаңдануы қоршаған табиғи ортаны аздырып, айналып келгенде, мұның соңы адам денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр.
21 ғасырдағы қазіргі үрдіс сақталатын болса, ғаламшарды мекен еткен барша тіршіліктің 1/5 бөлігі мүлде жойылып кетуі мүмкін. Аталмыш мәселелердің маңызы аса зор, себебі, жалпы адамзаттың болашағы осы түйткілдердің сапалы шешілуіне тәуелді.
Ә.Құсайынов өз баяндамасында атап өткендей, бүгінде экологияның кең мағынасына тереңнен бойлап, жеке үйің, яғни, биосфера, оның даму ерекшеліктері мен осы үрдістегі адамның рөлі ретінде түсіну қажет.
Адамзаттың барлық техногендік жетістіктеріне қарамастан, табиғаттың дүлей күші адам еркіне көнбейтінін естен шығарып алды.
Соңғы жылдары Жер шарының түрлі нүктелерінде орын алған табиғи апаттар соның айқын дәлелі.
Жаһандық жылыну мен озон қабатының ыдырауы – қанағатсыз адам өркениетінің нәтижесі.
Адам биосфера дамуының заңдарын жақсы түсініп, оның құлдырауына алып келетін әрекеттерді бақылауда ұстауы керек және жоғарыда атап өткен үрдістердің алдын алу үшін барын салуы тиіс», – деген пікірімен бөлісті ҚР Президенттігіне кандидат.
Сонымен қатар, «Севказэнерго» ЖШС жұмысшылары ұжымымен кездесу барысында Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да сөз сөйледі.
«Біздің кандидат атап өткендей, экономикалық жүйеміздің даму тұғырнамасын қайта қарастырған жағдайда ғана қауіпсіз дамуға қол жеткізе аламыз».

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар