Дәмхана ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шортанды ауданының Бектау ауылындағы ескі асхана ғимараты қалпына келтірілді.

Ғимарат дәмхана болып қайта жабдықталған. Ғимаратты пайдаланғаннан бастап 10 жылдан астам жөндеу жұмыстары жүргізілмеген екен. «Нұр Астық.kz» серіктестігінің қаражаты есебінен қысқа мерзімде ескі иесіз қалған ғимаратта қазандықты, батареяларды, терезе мен есіктерді ауыстырып күрделі жөндеу жүргізілді. Заманауи талаптар мен дәстүрге сәйкес келетін дәмхананың дизайны үлкен әсер қалдырады. Үлкен зал 150 орынға есептелген, сондай-ақ 14 адамға арналған VIP-зал бар.
Ашылу рәсіміне «Нұр Астық.kz» серіктестігінің бас директоры Б.Н.Наурызбаев, аудан әкімінің орынбасары Е.Мұхамедин, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Д.Сыздықов, Бектау ауылдық округінің әкімі С.Қазкенов, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының директорлары, Бектау ауылының ақсақалдары қатысты.
Биылғы жылғы 1 қазанда мұнда алғашқы рет зейнеткерлерге арналған қайырымдылық ас беріледі. Ашылу рәсіміне қатысқан Қарашаш Көшербаева, Юрий Гасюк, Иосиф Зеленский, Базар Сұлтан, Ирина Вебер, Күләш Хамзина, Сәруар Алпысбаева Бектау ауылының зейнеткерлері «Нұр Астық.kz» серіктестігінің басшылығына ауылдың мәселелеріне бейжай қарамай, ауыл адамдарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға жасаған талпыныстары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

Шортанды ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *