Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мүшелерін құттықтауы

Құрметті достар! Қадірлі әріптестер!
Бүгін біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы бабаларымыз бен хан Абылайдың жүріп өткен тарихи орындарын зерттеп оралған «Абылай ханның қара жолы» экспедициясын қарсы алып отырмыз. Бұл жобаның еліміздің тарихы, оның ішінде Ақмола облысы үшін, жалпы «Мәңгілік ел» шеңберіндегі қазақ елінің тарихи-мәдени мұраларын зерттеуде өте маңызы зор шара болғаны анық.
Экспедиция Көкше жеріндегі киелі Абылай хан алаңы нысанынан бастау алып, Ұлытау мен Түркістан сияқты қасиетті мекендерде болып, тарихи орындарды зерттеді.
Осы уақытта алты мың шақырым жол жүріп, ел тарихындағы елеулі орны бар жерлерді зерттеген экспедиция Астана-Шымкент-Тараз-Түркістан өңірлерінде көптеген құнды тарихи деректерді жинап, жұртшылықпен кездесулер өткізді.
Құрметті қауым!
Тарихи тұлға, өз заманының ұлы қайраткері Абылай хан қазақ халқының болашағын ойлап, ел үшін көп еңбегін сіңірген тұлға, ал сол тарихты жан-жақты зерттеу біздің басты міндетіміз.
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясына қатысқан барлық азаматтарға Ақмола жұртының атынан тағы да үлкен алғысымды білдіремін.
Сіздерге ұлы аталарымыздың өміріндегі ұрпаққа үлгі болар ұлағатты істері өнеге болсын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар