Алды келе бастады

Кеше облыс әкімі ЕҚЫҰ-ның Қазақстанда өтетін кезектен тыс Президент сайлауы барысын бақылайтын ұзақ мерзімді халықаралық бақылау миссиясының өкілдері Линда Бикмен (АҚШ) және Тимо Бакменмен  (Финляндия) кездесті.

  Кездесу барысында тараптар алдағы сайлауға дайындық барысын талқылады.
Өз кезегінде өңір басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындықтың қатаң түрде Қазақстан Республикасы Конституциясының «Сайлау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Сондай-ақ, сайлау заңына сәйкес жергілікті атқарушы билік сайлаушылардың нақты тізімін жасап, өз мерзімінде тізімді құруды қамтамасыз ету, сайлауды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру үшін шаралар қолдануда. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті сақтап, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс Президент сайлауын өткізу және ұйымдастыру барысында көмек көрсетуде.  
Алдағы сайлауда 808 сайлау учаскелері жұмыс істейді. Сайлаушылардың тізімі үстіміздегі жылдың сәуір айының 5-іне дейін аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдерінің актісімен әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісінше сайлау комиссияларына табыс етіледі.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар