Жырлары жұпар аңқыған…

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында орыстың ақиық ақын қыздары Марина мен Анастасия Цветаеваларға арналған шығармашылық кеш болып өтті.

Гитарадан төгілген тылсым сырға толы мұңлы әуен көңіл пернесін дөп басқандай. Әсіресе, жырынан жұпар аңқыған Марина мен Анастасия Цветаевалардың өлеңдері осы бір әуезді сазға үйлесіп, жырсүйер қауымның жүрегін баурап барады. Кеш барысында әсем әндер бірінен соң бірі шырқалып, көңілдерді көкке өрлетті. Жан жүректі тербеткен жасын жырлар әдебиетсүйер қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. Шығармашылық кешке әсіресе, жас-
тар қауымы көптеп жиналғаны қуантады. Солардың бірі Көкшетау қаласының тұрғыны Марина Кайданович.
– Маған бұл кеш өте қатты ұнады. Әсерлі өткені соншалық ақынның әрбір сөзі көкейімде жатталып қалғандай. Сол сыршылдыққа толы сырлы әуендер әлі күнге дейін көңілімді толқытып тұр. Әдеби кештің барысында өлең оқып, рухани қуат алдым,– дейді ол. Айта кету керек, мәні зор мәдени шаралар жастардың бойында әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырады. Жалпы әдебиет пен мәдениет, оның ішінде ән мен жыр халықтың өлмес қазынасы. Ал, өнерде шекара болмайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар