Болашақтың берік негізін қалады

3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы қаласына сапарының екінші күнінде зиялы қауым, ғылым және шығармашылық өкілдерімен, ардагерлер ұйымдарының және патриоттық клубтардың өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-на барды.

  Алматылық зиялы қауым өкілдері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне мақтанады. Көрнекті ғалымдар, жазушылар, суретшілер және режиссерлердің айтуынша, Елбасының басшылығымен біздің еліміз үлкен экономикалық табыстарға қол жеткізумен қатар, өзінің рухани құндылықтарын – халықтар арасындағы достықты, төзімділікті, бейбітшілік пен келісімді сақтап қала білді.
«Барлық ғылыми қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын қолдайды», – деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мұрат Жұрынов.
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов өз кезегінде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында тек соңғы бес жылда отандық ғылымды қаржыландыру көлемі екі есеге артқанына тоқталды.
Кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин де сөз алды. Оның пікірінше, қазіргі кезді шығармашыл адамдардың алтын дәуірі деуге болады. Өйткені, олар дана көшбасшысы мен бірлігі жарасқан халқы бар жас, жоғары қарқынмен өсіп-өркендеп келе жатқан күшті мемлекетті өз көзімен көріп, шығармаларына арқау ете алады.
Қазақстандық академик Сұлтан Сартаев ел аралап жиі шығатынын және барлық өңірлерде құрылыс крандарын көретінін жеткізді. Ғалымның айтуынша, бұл президенттің сарабдал саясатының басты нәтижелерінің бірі.
Атақты әнші Әлібек Дінішев Нұрсұлтан Назарбаев отандық мәдениет пен өнерді дамытуға көп еңбек сіңіргенін атап өтті.
РҚШ мүшелері бұдан әрі «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қызметкерлерімен кездесті. Бұл – 2011 жылдан бері 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еткен 150 инновациялық кәсіпорын. Өткен жылы өндірілген өнім 10,5 млрд. теңгені құрады, ал салық аударылымдарының көлемі – 2,4 млрд. теңгеге жетті.
Жас жаңашылдар қазақстандық ғалым-жасаушылардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновациялық технологиялар паркін құрғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін басқаратын жас ғалым Дамир Шынабеков Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың экономикасына берік негіз қалады, деп мәлім етті. Жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкер Эдуард Огай инновациялық технологиялар паркінің арқасында өзінің жеке ісін ашты.  Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын білдірді.
Алматыға сапары барысында Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері қаланың ардагерлер ұйымдары мен патриоттық клубтардың, сондай-ақ, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен кездесті. Олар алдағы президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар