Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы

Құрметті ардагерлер! Бүгінгі айтулы мереке – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі тәуелсіз еліміздің рухани және материалдық байлығы жасалды, өнеркәсіп өркендеп, ауыл шаруашылығы саласы мен ғылым дамыды, қалалар салынып, білім және денсаулық сақтау жүйесі жетілдірілді.
Сіздер – өздеріңіздің ерлік еңбектеріңізбен, Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктеріңізбен, байыпты өмірлік ұстанымдарыңызбен бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнегесіздер, еліміздің Тәуелсіздік таңы атқан тарихи кезеңінің куәгерісіздер.
Бүгінгі айтулы мерекелі күні туған ел мен жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз, өңіріміздің қоғамдық өміріне белсене қатысып, ортақ іске өз үлестеріңізді қосып жүргендеріңіз үшін сіздерге деген алғыс сезімімді білдіруге рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ ғұмыр және отбастарыңызға береке-бақыт тілеймін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар