Экологиялық білімнің маңызы зор

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Молсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  және Петропавл қаласындағы «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымдарымен кездесулер өткізді.

  Өз сөзінде Ә.Құсайынов жиын қатысушыларын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, бірқатар әлем елдерінде экономиканы қарқынды дамытуға бағытталған жұмыстар қоршаған табиғи ортаның мүмкіндіктерін ескермей, оған шамадан тыс күш салып жатыр.
Атмосфераның шаң-тозаң және газды қалдықтармен ластануы үлкен алаңдаушылық тудырады. Олар минералды отын мен биомассаның өртенуіне, сондай-ақ, тау-кен, құрылыс пен басқа да жерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ауаға таралып жатыр.
«Табиғи ресурстардың қайта қалпына келмейтінін естен шығармаған жөн», – деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Кандидаттың айтуынша, адамзат жыл сайын өнеркәсіптік өндіріс көлемін өсіріп, соның салдарынан игерілмеген табиғаттың таза айналасы тарылып бара жатыр.
Оған қоса, Ә.Құсайынов экологиялық білімнің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, «Молсервис» ЖШС ұжымының алдында Ә.Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Ольга Клишина да сөз сөйледі. Оның айтуынша, адам әлемдік экожүйенің бір бөлігі өскелең ұрпақ арасында табиғатты аялауға үндейтін насихат жұмыстарын күшейту керек.
«Қызылжар су»  ЖШС ұжымымен  кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мәселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды.
Халықаралық қауымдастықтар мен мамандандырылған ұйымдардың атқарып жатқан экологиялық жұмыстары конференция, талқылаулар, шешімі жоқ даулармен ғана шектеліп отыр.
Ал, әлемде табиғат қойнауын тиімсіз пайдалану, гендік қор мен биологиялық әртүрліліктің азаюы топырақтың құнарсызданып, судың ластануына, жалпы, қоршаған ортаның құлдырауына алып келуде.
Сондай-ақ, кандидат әлемдік өнеркәсіптің қарқынымен артып отырған техногендік апаттардың алдын алу мәселесіне жеке тоқталып өтті.
Ә.Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасының бір маңызды бағыты – өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері. Барлық кәсіпорындар өз жұмыстарын қоршаған ортаға ықпалы мейлінше аз болатындай етіп жүргізулері керек», – деп қорытты үміткер.
Сонымен қатар, «Қызылжар су» бірлестігінің жұмысшылары алдында республикалық штаб жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйледі.
Ол экологиялық түйткілдердің маңыздылығына тоқталып, оны дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар