Өңірдің тарихынан сыр шертеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен «Өлке тарихы – ел тарихы» атты көшпелі көрме өтуде.

Көрмеде облысымыздың 17 ауданы мен 2 қаласының тарихынан сыр шертетін мұрағат құжаттары мен суреттері қойылған. Шілде және тамыз айы бойы көшпелі көрме облыстың барлық аудандарын аралап шықты. Өлкенің тарихын насихаттау арқылы өсіп келе жатқан келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың бо-
йында патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған көрмедегі дерек пен дәйекке толы сарғыш суреттер көне дәуірдің тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, жұрт назарын тартары анық.
Облыстық мұрағат және құжаттамалар басқармасының жанындағы мемлекеттік мұрағаттың мұрағатшысы Динара Айтқожина көрмені мұрағат қоймасындағы бұрын-соңды ел назарына түсе бермеген соны деректермен байытқандығын, жоба облыс тұрғындарына естен шыға бастаған ескі кезеңнен сақталып қалған деректерді шынайы қалыппен ұсынатынын атап өтті.
– Біз бұл көрме арқылы Көкшетау мен Қараөткелдің арасын жалғастырған тарихи оқиғаның жазбаша куәлерін, әр өңір тұрғындарына елдің бір ғасырлық тарихын талдап, түсіндіруге тырысамыз. Көрме елдің өткені ғана емес, бүгінгі тіршілігін де қамтиды. Көшпелі көрме әрбір ауданда болып, көпшілікке ұсынылды. Енді міне, Көкшетауда өз жұмысын қорытындылауда. Көрме басталғаннан бері барлығы 3 мыңнан астам адам келіп көрді, – дейді Динара Айтқожина.
Көрмеде революцияға дейінгі кезең, тың игеру және тәуелсіздік жылдарындағы елдің жарқын келбеті мен еңбегі де кеңінен көрініс тапқан. Көрмені тамашалаған адам өңірдің тарихы туралы мол мағлұмат алады. Көрмедегі мұрағат құжаттарының ішіндегі ең құнды сурет құжат, ол Сандықтау ауданында 1954 жылы жер аударылған әйелдер салған Жабай өзені арқылы өтетін көпір. Ағаштан салынған көпірде шеге мүлдем қолданылмаған. Бұған қоса келушілер көрме барысында облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан жобалардың орындалу барысымен құжат жүзінде танысып, қызықтады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар