Ардагерлерден алғыс алып жүр

Көкшетау қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналған емхана алты мыңнан астам қала тұрғынына медициналық көмек көрсетеді.

Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, тыл еңбеккерлері, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль атом-электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендер, саяси қуғын-сүргін зардабын бастан кешіріп ақталып шыққан, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, дербес зейнеткерлер бар. Бас дәрігер Бағила Закринаның айтуынша, күн сайын емхананың білікті мамандары жүздеген науқасқа тұрақты емдеу шараларын қолданып, денсаулықтарын сауықтырады. – Облыс орталығындағы аталмыш емхана ірге көтерген алғашқы күннен-ақ, ақ халатты абзал жандар ардагерлерге қалтқысыз медициналық қызмет көрсету күзетінде тұр. Өз ісіне шексіз берілген тәжірибелі мамандардың жоғары дәрежедегі қалтқысыз қызметінің, ардагерлерге деген шынайы қамқорлықтың нәтижесінде емхана ел ризашылығына бөленуде. Біз әрбір лездеме үстінде науқастарымызға ерекше көңіл бөліп, олардың қай-қайсысының болмасын көңілін тауып, жылы сөзбен демеп отыруды медициналық қызметкерлердің барлығына қадап айтып, қатаң тапсырамыз,– дейді бас дәрігер.
Емханада күндізгі стационарда қаралуға мүмкіндік қарастырылған. 20 жатын орынға шақталған стационарда жатып емделуге болады. Сондай-ақ, үйде ем алу қызметі де көрсетіледі. Ұжым алған асулар емханада ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандардың арқасы екені даусыз. Білікті басшы Бағила Закрина осы жылдар ішінде өз ісінің білікті мамандарынан тұратын біртұтас ұжымды қалыптастыра білді.
Ұжым қызметкерлері жыл сайынғы Елбасының халыққа Жолдауын зор ынтамен қабылдайды. Жолдаумен жігерленген емхана қызметкерлері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын қолдай отырып, еселі еңбек етіп, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосып, сырқат жандардың денсаулығын жақсарту үшін уақытпен санаспай еңбек етіп келеді.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретте: Емхананың бас дәрігері Бағила Закрина, бас медбике Дамиля Махметова, ем-шара медбикесі Светлана Штейнбах және учаскелік терапевт Жұлдыз Сапарбаева.

Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар