Туған жерге туын тіккен отағасы

1993 жылдың басында Моңғолияда тұрған Мұхамеджан Рымқан өз отбасымен және туысқандарымен бірге тарихи Отанына көшіп келді. Сол кезде зейнет жасына жақындаған еді. Туған жерге қоныс аудару жөнінде ұсыныс болғанда көп ойланбай, бірден келіскен.
– Бүкіл саналы ғұмырымды шопандыққа арнадым. Ата-бабаларым тәрізді қой шаруашылығымен айналыстым. Қоғамдық және кеңшар отарындағы қой саны мыңды құрайтын. Өз отарымда да осыншама қой мен ешкі болды. Бәрі бірге бағылатын,–дейді ауыл ақсақалы. Мұхамеджан Рымқанның адал еңбек еткенін кеудесіндегі Моңғолияның мемлекеттік наградаларынан көруге болады. Құрметке бөленген шопан аймақтың депутаты болып бірнеше рет сайланды. Жұбайы Сара Кеңесбайқызы екеуі жаз айларында жайлауда тұрып, төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп өсірді. Кейін олар шаруашылыққа көмектесті. Бүгінгі таңда ұл-қыздары өздерінің отбасымен ата-аналарының жанында тұрып, шаруа қожалығының басшысы, мал дәрігері, медбике және өзге де мамандықтар бойынша еңбек етуде. Балалары ата-анасының үйіне отбасылық мерекеге жиналғанда ата-әжесін жиырмадан астам немересі қоршап алады.
– Алғашында Қима ауылында 8 жыл тұрдық. Жергілікті билік жақсы қарсы алып, қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Балаларым мен немерелерімнің жұмысы мен оқуына ыңғайлы болу үшін Атбасар ауданы орталығының іргесіне көштік,–дейді ақсақал өз сөзінде.

Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретте: ауыл ақсақалы Мұхамеджан Рымқан.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар