Отандық өнімнің өрісі кеңейеді

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевтің төрағалығымен кәсіпкерлер палатасында отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып, жергілікті отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде мәселелер қаралды.

Өкілетті органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен әртүрлі ұйымдардың өкілдері және өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері қатысқан жиында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков отандық тауар өндірушілерді қолдау маңызды бағыт әрі «Атамекеннің» негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.
– Бұл жұмыс жаңа бағытта және белсенділікпен жүргізілуде. Бар ақпаратты талқылау үшін әр бейсенбі сайын кездесу өткізіледі. Біз қандай ұстанымда жүргенімізді, одан әрі қалай жұмыс істеу керектігін түсінуіміз қажет,–деді ол. Бүгінгі таңда ақмолалық өндірушілер тізіміне машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ өнеркәсібі және өзге де салалар тәрізді 300 компания кіреді. Барлығының ортақ мәселесі – жергілікті мемлекеттік сатып алудың аз ұсынылуы. Әрбір өнімнің техникалық сапалы мінездемесінің толық талдауы жергілікті отандық тауар өндірушілер шығаратын өнімдердің бірыңғай базасы болады. Жергілікті өндірушілердің тағы бір осал тұсы сапасыз техникалық құжат толтыру болып табылады. Осы тақырыпта облыстық кәсіпкерлер палатасы оқыту семинары мен тренинг өткізді. Сондай-ақ, нөлдік есеп беруді мердігерлердің жіберу мәселесі туындауда. Талқылау барысында жұмыс тобының жұмыс тәртібі бекітілді. Құрылыс материалдарын, қондырғыларды, өнімдер мен қазақстандық өндіріс конструкциясын қолданудың жобалық-сметалық құжаттамасын тиімді жүзеге асыру үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне енгізілетін өзгертулер жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасына ескертіп отыру ұсынылды. Қазір жұмыс тобымен құрылыс-монтаж жұмыстарында жергілікті материалдардың пайдалануына мониторинг жүргізілуде. Бұл мәселені тапсырыс берушілер мен мердігерлер тұрақты бақылауы қажет. Биылғы жылдың екінші жарты жылдығында құрылыс нысандары, жөндеу мен ірі сатып алулар бойынша 1,7 миллиард теңгенің 17 конкурсын өткізу жоспарланған. Отырыс жұмысын қорытындылаған Марат Иғалиев мердігерлердің отандық тауар өндірушілермен жұмыс істеуі қажеттілігіне назар аударды. Облыстық кәсіпкерлер палатасында жұмыс кездесулері ұйымдастырылып, негізгі материалдар қажеттілігінің еркін тізіміне енгізілген материалдардың әр түрін жеке қарау жоспарлануда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар