Қызықты қойылым

 Облыстық филармонияның әртістері мектеп оқушылары мен бала бақшалардың тәрбиеленуші-леріне арналған танымдық қойылымдар қоюда.

  – Біз балалардың Наурыз мейрамы туралы көбірек білгенін қалаймыз, – дейді театрландырылған көріністің қоюшы-режиссері Ербай Дүнгененов.
Белгілі драматург С.Балғабаевтың «Жымбала. Мико және қасқыр» қойылымы басталмас бұрын әртістер кішкентай көрермендерге мерекенің тарихына тоқталып, ұлттық дәстүрлер туралы сыр шертті.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балаларға Наурыз көженің дайындалу әдісін көрсетіп, тағамдардың құрамына тоқталды. Сондай-ақ, олар жаңа жылымыз жақсылықтарға толы болуына игі тілек айтып, барлық ырым-кәделерді жасады. Тағы бір айта кетерлігі, Наурыз мейрамына арналған театрландырылған көрініс сәуір айының соңына дейін көрсетілмекші.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар