Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің білім саласының қызметкерлерін Мұғалім күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздарІ Баршаңызды төл мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймынІ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрдайым тек білімді ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болады деп айтып жүреді. Сондықтан да, мемлекеттік саясаттың басым бағыты білім және адам капиталын дамыту болып қала береді.
Сіздердің абыройлы міндеттеріңіз әрқашан болашаққа бағдарланған. Ұстаздардың педагогикалық шеберлігі мен өз ісіне деген шығармашылық ізденістері, даналығы мен сабырлылығы, балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі қатаң да мейрімді ұстанымдары еліміздің ертеңгі болашағын құруға лайықты жас ұрпақты қалыптастыруға игі ықпалын тигізеді.
Осы бір айтулы мерекелі күні сіздерге деген шынайы құрметім мен алғыс сезімімді қабыл алыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға береке-бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

 

Құрметті білім саласының қызметкерлері!

Барша ұстаздар қауымы мен білім саласының ардагерлерін осынау мерейлі мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ізгілік пен ұстамдылық, бақыт пен мол қуаныш тілеймін!
Елбасы өзінің әрбір стратегиялық бағдарламасында жастарға сапалы білім берумен қатар, сол білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Бүгінде мемлекет білім беру саласын дамытуға барлық жағдай жасауда. Өңірімізде салынып жатқан жаңа мектептер мен балабақшалар саны өсуде, білім мекемелерінің материалдық – техникалық базасы нығайтылуда.
Өміріміздегі жақсылық атаулының барлығы ұстаздар есімімен байланысты. Қажырлы еңбек арқылы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге алғысымыз шексіз.
Алдағы уақытта да отан алдында атқарып отырған жауапты еңбектеріңіз ел көңілінен шығып, алдағы қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуге сенімділік пен қайсарлық, төзімділік тілеймін.
Дендеріңіз сау, табыстарыңыз мол, бақыттарыңыз баянды болсын.

Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі – ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.
Қали Рахметов,
«Ақмола облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар