Құрметке лайықты жан

Кез-келген талапты оқушыны білімнің асқар биігіне шығаратын ұстаз екендігі даусыз. Мұғалім ең алдымен, оқушыларды сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай, қоғамдық өмірге де тәрбиелейді және олардың жүрегіне жол тауып, өшпес із қалдырады.

Сондықтан болар, әр оқушының уақыт өте келе мақтанышпен еске алатын ұстазының болуы заңды құбылыс. Себебі, ұстаздық – ұлы іс. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, сондай ұлағатты ұстаздардың бірі №3 Красный Яр гуманитарлық орта мектебінің 3 «А» сынып мұғалімі Гүлнәр Бағызқызы Әбілмәженова. Ол өз мамандығына ерекше жауапкершілікпен қарай білетін нағыз ұстаз. Бала күннен мұғалім болуды армандапты. Сондықтан да болар, осы бір ұлы мамандыққа ерекше сүйіспеншілікпен қарайды, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнап келеді. Кішкентай бүлдіршіндерге мейіріммен қарап, сапалы білімді бойларына сіңіруде. Әр сабағын жаңашылдықпен, қызықты етіп ұйымдастырып, оқушылардың назарын өзіне аудара білетін, әр оқушының жүрегіне жол таба білетін нағыз өз ісінің майталманы. Біздің балаларымызға екінші анасындай болған Гүлнәр Бағызқызын оқушылар да, ата-аналар да ерекше құрметтейді.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болсадағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Барша ұстаздар қауымын, соның ішінде Гүлнәр Бағызқызын шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймыз. Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілейміз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін.

Ізгі ниетпен,
Красный Яр №3 гуманитарлық
орта мектебінің 3 «А» сынып оқушыларының ата-аналары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар