Еңбек жолын ауыл мектебінен бастады

Еуразия Ұлттық университетінің ақпараттық технология факультетінің түлегі Нүркен Сұлтан, Бекетов атындағы Қарағанды университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген Әсел Рамазанова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарих факультетінің түлегі Жанболат Ережеп, Астананың гуманитарлық колледжін бітіруші Зарина Нұралина өздерінің еңбек жолдарын ауылдан бастауды жөн көріпті.
Қазір жас мамандар Астрахан ауданындағы Новочеркасск орта мектебінде ұстаздық жұмыстарын бас-тауда. Ауылға келген жас мұғалімдерге жергілікті билік қажетті жағдайларды жасауда.

Суретте: дипломмен ауылға келген жас мұғалімдер Н.Сұлтан, Ә.Рамазанова, Ж.Ережеп және З.Нұралина.
Суретті түсірген Т.Қосшығұлов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар