Сау тістер – сұлулық кепілі

 

Қазіргі таңда аса кең таралған аурулардың бірі – тіс жегі (кариес) болып табылады. Ол тістің бұзылуына, тамақты дұрыс шайнауға ғана емес, астың ағзаға сіңуіне де кедергі келтіреді.

 

Шірік пайда болған тіс ауырмаса да, ол басқа тістерге өзінің зиянын тигізіп, инфекция ошағы болып қала береді. Тіпті, адамның басқа ағзаларына да жұғып, бүйрек ауруы, өттің қабынуына әкеп соғады. Бұл қауіптің алдын алу үшін ең алдымен, дұрыс тамақтану қажет. Күнделікті ас мәзіріңізде дәрумендер мен минералдарға бай тағамдар болғаны жөн. Қатты тағам жақтың қан айналымын жақсартып, тістің өзінен-өзі тазаруын қамтамасыз ететіндіктен, ауызда тез еритін жұмсақ аспен бірге, қатты тағамдарды да аз мәзіріне жиі қосып отыруды ұмытпағайсыз. Бір сөзбен айтқанда, тағамның барлық түрін мөлшермен қабылдаған жөн.
Осы орайда, ауыз қуысының гигиенасы да аса маңызды. Тістеріңіз мінсіз таза болсын десеңіз, оларды күніне екі рет, яғни, таңертең және кешкі уақытта міндетті түрде тазалап отырыңыз. Сондай-ақ, тіс ауры мазаламаса да, тіс дәрігерінің қабылдауына жыл сайын келіп тұрған абзал. Тұрғындарға дәрігерге қаралудан қорықпаңыздар дегім келеді. Тістерін жылдап тексертпеу салдарынан қаншама адам зардап шегуде. Сондықтан да, естеріңізде болсын, сау тістер – сіздің сұлулығыңыздың кепілі.  

Майра СМАҒҰЛОВА,
тіс дәрігері.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар