Паң Нұрмағамбет мазары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызға Степногорск қаласы Пан Нұрмағамбет мазары таныстырып отырмыз.

Нұрмағамбет Сағынайұлы (1848-1925) – қазақ меценаты, қоғам қайраткері, халық арасында «Паң Нұрмағамбет» атанған. Нұрмағамбет қажылыққа барған кезде, өзінің қаражатына Меккеде қонақ үй салдырады.
XIX ғасырдың аяғында Омбы қаласында ІІ Николай императорды қарсы алуға қатысқан Паң Нұрмағамбет оны қазақ халқының әдеп-ғұрып көрмесімен таныстырады. Көрме соңында Паң Нұрмағамбеттің киіз үйі сән-салтанаты жарасқан өте әдемі киіз үй аталды.
Ол өзінің халық алдындағы беделін пайдалана отырып, патшаның құрметіне ұйымдастырылған көрмеге жақсы жабдықталған ақ киіз үй тігіп, бұған қоса, оған мың жылқыны сыйға тартқан. Кейін бұл киіз үй Париж қаласындағы халықаралық көрмеге қойылған. Қазіргі уақытта ол Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы.

Pań Nurmaǵambet mazary

Nurmaǵambet Saǵynaıuly (1848-1925) – qazaq metsenaty, qoǵam qaıratkerі, halyq arasynda «Pań Nurmaǵambet» atanǵan. Nurmaǵambet qajylyqqa barǵan kezde, ózіnіń qarajatyna Mekkede qonaq úı saldyrady.
XIX ǵasyrdyń aıaǵynda Omby qalasynda II Nıkolaı ımperatordy qarsy alýǵa qatysqan Pań Nurmaǵambet ony qazaq halqynyń ádep-ǵuryp kórmesіmen tanystyrady. Kórme sońynda Pań Nurmaǵambettіń kıіz úıі sán-saltanaty jarasqan óte ádemі kıіz úı ataldy.
Ol ózіnіń halyq aldyndaǵy bedelіn paıdalana otyryp, patshanyń qurmetіne uıymdastyrylǵan kórmege jaqsy jabdyqtalǵan aq kıіz úı tіgіp, buǵan qosa, oǵan myń jylqyny syıǵa tartqan. Keıіn bul kıіz úı Parıj qalasyndaǵy halyqaralyq kórmege qoıylǵan. Qazіrgі ýaqytta ol Sankt-Peterbýrgtegі Ermıtajda saqtaýly.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар