«КÓKSHE» телеарнасының туындысы жүлде алды

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Тэфи-Тәуелсіздік» халықаралық фестивалі болып өтті. Бұл телевизиялық

фестивальдің ұйымдастырушылары Ресей телевизиялық академиясы және бірқатар халықаралық ұйымдар болып табылады.

Фестиваль барысында Ақмола облыстық «КóKSHE» телеарнасының «Родина» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович Сауэр туралы түсірген «Рожденный, быть успешным!» телеочеркі жүлделі орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды. Жас журналист Юрий Обердиенконың телешығармасында есімі елімізге кеңінен танымал осы бір іскер басшының ауыл шаруашылығы саласындағы ерен еңбегі туралы әсерлі әңгіме өрбіп, әйгілі агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сәтті бейнеленеді.
Жыл сайын ТМД елдері және шетелдік телевизиялық компаниялар арасында өткізілетін халықаралық байқау биыл тұңғыш рет Ташкент қаласында ұйымдастырылды. Байқауға 12 елден 13 шығармашылық жұмыс іріктеліп алынған. Солардың ішінде топ жарып, байқау жүлдегерлері қатарынан көріну жалғыз «КóKSHE» телеарнасы емес, бүкіл ақмолалық бұқаралық ақпарат құралдары үшін үлкен мерей деп білеміз. Жүлде құтты болсын, қымбатты әріптестер!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *