«Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» байқауы бойынша брифинг өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» атты әлеуметтік жарнама әзірлеуге бағытталған байқаудың жариялануы бойынша ақпараттық брифинг өткізді.
Халықаралық байқаудың мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлықпен айналысуының алдын алу жолында әлеуметтік жарнаманы әзірлеп, оны ұтымды пайдалануға тарту. Сонымен қатар, парақорлыққа қарсы білім беру ісінде қоғамның мемлекеттік билік органдарымен өзара байланыс тәжірибесін қалыптастыру.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, 2018 жылдың желтоқсан айында өткізілмекші. Марапаттау рәсімін өткізу күні мен орны туралы толық ақпарат сайыстың http://anticorruption.life. ресми парақшасында жарияланған.
Аккредиттеу 72-13-93, 72-31-94 телефондары арқылы жүргізіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар