Қайсар рухты Шерағаң да өтті жалғаннан!

Қазақ əдебиетіның алыбы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірден өткендігі жөніндегі суық хабар ел жұртшылығының қабырғасын қайыстырып кетті. Оның ұлық мақсаттармен мәуеленген өмірі халыққа қызмет етудің озық үлгісі, жарқын баламасы саналады. Қайталанбас қайсар тұлғаның тәуелсіз мемлекет мүдесіндегі жасындай сөздері мен өткір пікірлері бүгінгі дамуымыздың берік буынымен сабақтастығымен құнды.
Шерағаң қазақ баспасөзінің өркендеп, қанат жаюына айрықша үлес қосқан көрнекті тұлға болатын. Және де сол қазақ баспасөзінің абыройы мен беделі үшін ешкімнің бетжүзіне қарамай қазақ сөзінің жанашыры және қорғаны бола білді. Ол сонымен бірге журналист атты қауымның панасы да бола білді. Журналистиканың үлкен тәлімгері әрі ұстазы еді .«Шерханның шекпенінен шыққанбыз» дейтін бір ауыз сөздің қалыптасқалы қашан! Шерхан Мұртазаның тәлімі мен тәрбиесін көрген, баспасөз ісін ұйымдастырудың хас шеберінің ұлағатың алған көптеген қаламгерлер қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстанның түрлі баспасөз салаларында жемісті еңбек етіп жүр. Өзекті мəселелерді өткір айтып, қазақ сөзінің айбарына айналған Ш.Мұртазаның журналистік шеберханасы бүгінгі және болашақ ұрпақтың тәлім ордасы болып қала бермек. Өмірдің ашысы мен тұщысын, тәттісі мен кермегін қатар тартқан Шерағаң қандай жағдай болмасын өзінің ар биігінен ешқашан төмендеген емес. Қазақстанның халық жазушысы қазақ әдебиетінің алтын қорына тамаша туындыларын қалдырып кетті.
Бар саналы өмірін қазақ әдебиеті мен журналистикасын дамытуға бағыштаған талантты тұлғаның есімі өз елінің есінде ұзақ сақталары анық. Шерағаңның қазасына қалын қазақ елімен бірге бізде қабырғамыз қайысып, баршаңызға көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы болсын! Иман байлығын тілейміз!

«Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар