Туристерге алаңсыз дем алуға болады

Демалыс пен туризм индустриясы экономикадағы басым саланың бірі болып табылады. Өңірдің туристік кластеріне туризм саласының жеті жүзден астам кәсіпорны кіреді.

Кластердің тарихи-мәдени сегментіне 900 ескерткіш ұсынылған. Оның көбі мемлекет тарапынан күзетіліп, саяхат бағдарламаларын қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады. Облыста туристік операторлар жүзеге асыратын мемлекеттік тізімге енгізілген сексенге жуық туристік бағыт бар. Оның ішінде он туристік оператор облыстық мәдениет басқармасымен бірге Көкшетау қаласы мен Бурабай, Зеренді, Қорғалжын, Ерейментау және Біржан сал аудандарының тарихи және қасиетті орындары бойынша туристік бағыттар жасап, пайдалануда. Биылғы жылдың 1 тоқсанындағы статистикалық мәліметке сәйкес, орналастыру орнының саны 275-ті құраса, адамдарды бір уақытта 4813 нөмірдегі 11926 кереуетке орналастыруға болады. Орналастыру орындарымен 1012,7 миллион теңгенің қызметі көрсетілді. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 1,2 пайыз артық. 58,3 мың адамға қызмет көрсетілді. Сертификатталған отельдер саны бес есе көбейді. (Өткен жылы 4 нысан болса, биыл 23 нысанға жетті).
Жыл соңына дейін сертификатталғандар саны 36 отельді құрайды. Олардың ішіне «Rixos Borovoe», «Park House Kokshetau», «Айнакөл», «Әлем», «Береке», «Green Which Tourist», «Алтын күн», «Нұрсат», «Инсар», «Жансая» отельдері, «Алмаз» шипажай отелі, «Окжетпес», «Щучинск», «Зеленый Бор» шипажайлары, «Rufus Lodge» бутик отелі, спорттың қысқы түрлері бойынша Олимпиадалық дайындық орталығы, «Астана нұры», «Бұланды мұнай базасы», «Көкшетау» қонақ үйлері кіреді. «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы құрылды. «Бурабай даму» серіктестігінде қазақстандық туристік операторлармен және отельдермен бірлесе жұмыс істеу кезінде туристік пакеттер жасап, сататын Call-орталығы іске қосылды. «Burabay CityPass» цифрлық жол көрсетуші сатылуда.
Жыл соңына дейін ЮНЕСКО геопарктерінің ауқымды жүйесіне Бурабай курортын енгізуге өтінім беріледі. Бурабай курортына тартымдылықты қамтамасыз ету және бизнесті тарту арқылы жыл бойы жұмыс істеу мақсатында көп туристерді қамтуға бағытталған «Fourseasons» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Бурабай курортындағы көше-жол жүйесінің құрылыс жұмысы жүргізілуде. Астана-Ерейментау автокөлік жолының құрылысы аяқталса, Астана-Қорғалжын автокөлік жолы қалпына келтіріле бастады. Ұзындығы 80 шақырымды құрайтын Щучинск-Зеренді автокөлік жолының құрылысы басталды. Биылғы жылы жүзеге асыруға жоспарланған 9 жобаның Аршалы ауданындағы «Бейбарыс» демалыс аймағы, Зеренді ауданындағы «Zerenda Park» демалыс базасы пайдалануға берілді. Облыс әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы қол жеткізілген келісім аясында өңірдің автокөлік жолдары бойына модульдік павильондар орнату жұмысы басталды. Үстіміздегі жылы автобан бойына төрт «KazWay» павильоны орнатылды. Өңірдің, оның ішінде Бурабайдың туристік әлеуетін ілгерілету және туристер демалысын тартымды шаралармен байыту мақсатында бедел құру жұмысы тұрақты жүргізіледі. Оған еліміздің туризмін ақпараттық ілгерілету де кіреді. 2018 жылы өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған әртүрлі семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер, фестивальдер, экспедициялар, сондай-ақ, Щучинск-Бурабай курортты аймағы, Зеренді демалыс аймағы бойынша шетелдік және қазақстандық туристік операторлар, инвесторлар мен БАҚ өкілдері үшін үш ақпараттық-жарнамалық тур тәрізді 17 шара өткізілді.

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық
орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар