Анаға тағзым

Қоғамдағы әйел-ананың мәртебесін, құрметін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында республикамызда бірінші рет Ақтөбе қаласында аналар слеті болып өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен алқалы жиында қазіргі қоғамдағы ұлт болашағы, оның ішінде қыз баланың тәрбиесі, Отанның іргетасы отбасылардың беріктігін сақтау мәселелері талқыланды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанынан құрылған «Аналар кеңесінің» төрайымы Зере Қиықова бастаған кеңес мүшелері елімізде алғашқы рет өтіп отырған слетке делегат болып қатысты.

Республикалық слет аясында Қазақстанда тұңғыш рет «Аналарға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы мен Аналар аллеясы ашылды. Игі бастаманың орталығы аналар алдындағы парызды өтеудің бір көрінісі іспетті. Бұл орталықта ардақты аналарымыздың ерліктері, өнегелі істері, көпбалалы аналардың ғұмыр жолы жайлы матер-
иалдар жинақталған.
Слет барысында Қоғамдық келісім үйінде Ақтөбе мен Ақмола ассамблеялары жанындағы «Аналар кеңесі» мүшелерімен бірлескен отырыс болып өтті. Отырыста қолөнер бұйымдарынан көрме қойылып, өзара тәжірибелерімен алмасты. Жиында Зере Еспайқызы атқарылып жатқан жұмыстар, мәселенің қоғамдағы өзектілігі жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Зере Еспайқызы өзінің «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» жобасы аясында балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін қыздар клубын ашып, әрбір білім беру мекемесінде ұлттық менталитетімізге сай, салт-дәстүрімізге, қазақы инабаттылыққа баулитын орталықтар өз жұмыстарын жүргізіп отырғаны жайлы ғибраты мол әңгіме өрбітті.
Бұл әңгіме өзегі Ақтөбе қалалық №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушыларының, ата-аналарының қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында жалғасын тапты.
Мемлекет басшысының ана мен баланы қолдауға бағытталған саясатын қолдай отыра, отбасының басты құндылық екендігін, қоғам мен мемлекет үшін жаңа буынды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу мақсатында бірлескен белсенді жұмыстар атқару үшін «Анаға тағзым» слетінің қатысушылары бірауыздан үндеу қабылдады. Осы үндеуді барлық қазақстандықтарды қолдауға шақырамыз.

Жанар АЙТҚОЖИНА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі,
«Анаға тағзым» республикалық бірінші слетінің делегаты.

Суретте: слет делегаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар