Бюджет қаралды, өзгерістер енгізілді

Кеше облыс әкімі Мəлік Мырзалин алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясына қатысты. Сессияда облыстық мәслихаттың «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Сессия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияны оның төрайымы, депутат Бағлан Наурызбаева ашып, жүргізіп отырды.
2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет мәселесі сөз болды. Алдағы жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бюджетінің өлшемдері туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев түсіндіріп айтып берді.
– 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде əзірленді. Ол
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайын ел халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы бюджетте білім, денсаулық, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыз сумен қамтамасыз ету, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту сияқты салалық жəне мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру қарастырылған. Бюджет шығынының негізгі бөлігі əлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Бюджет көлемі облыстың дамуы мен азаматтардың əлеуметтік деңгейін сақтай отырып, бюджет саласы мен экономикалық тиімділікті арттыру арқылы іс жүзіндегі міндеттерді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Қанат Дүзелбаев.
Сонымен қатар, баяндамашы облыстық бюджеттің кіріс көлемі 179 070 092 теңге және шығын көлемі 179 475 429,8 мың теңгеге жоспарланып отырғанын атап өтті. Ал, бюджет тапшылығы 9 280 284,9 мың теңгені құрап отыр. Сессияда мемлекеттік-
жекеменшік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер, қосымша дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін төмендету бойынша іс-шаралар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің шекті мөлшерлерін белгілеу сияқты облыстық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне енгізілген өзгерістер сөз болды.
Бұдан кейін облыстық мəслихат депутаттары Нартай Ысқақов, Әлібек Баймағамбетов облыс аумағындағы жол құрылысы және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы өздерінің пікірлерін білдірді. Сессияда депутаттар 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджетті жан-жақты саралай келе, оның азаматтар алдында барлық міндеттемелерді сақтай отырып, облыстың экономикалық өсуіне тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті және бюджетке енгізілген өзгерістер туралы шешімді бірауыздан қолдады. Сессияда сөз сөйлеген аймақ басшысы Мәлік
Мырзалин депутаттарға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіре келе, әр мәселеге конструктивті шешім қабылданғанын атап өтті.
– Өздеріңіз байқап отырғандай, алдағы үш жылда бюджет шығыны арта түскен. Мұның барлығы Елбасының алға қойған міндеттері мен тұрғындардың əл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларға байланысты, – деп сөзін қорытындылады облыс әкімі.
Сессия соңында Елбасының биылғы Жолдауында туындаған міндеттерді жүзеге асыру мәселесі сөз болып, келесі сессияның күн тәртібі бекітіліп, оның төрағасы сайланды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар