2019 жыл –Жастар жылы!

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында негізгі алты бағытты айқындады.

Жастар ұлт болашағы ретінде барлық заманда да қоғам үшін ерекше құнды болды. Олар әлеуметтік қатынастарда, материалдық және рухани игіліктерді өндіруде маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдайы және оның әлеуметтік ортаны дамытуға қатысу дәрежесі мемлекетке де, өзінің белсенді өмірлік ұстанымына да байланысты. Бір жағынан, жастар өз болашағын жоспарлайды және құрады. Осы орайда, олар ұрпақ тәжірибесін ескеріп, қателіктер жасамауы тиіс. Екінші жағынан, қоғам мен мемлекет жастарды тарих субъектісі ретінде, әлеуметтік құндылық ретінде, өзгерістің басты факторы ретінде қайта ашуы тиіс.
Елбасы өз Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін бергенін атап өтті. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек. Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн. «Өз жеріңді танып, біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек. Ауыл жастарының өкілі ретінде менің ойымша, бүгінгі таңда мемлекет жас ұрпақтың әлеуметтік, зияткерлік, мәдени және экономикалық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсатында шаралар, бағдарламалар жүйесін ұсынады. Қазіргі жастар жаңа талаптарға бейімделіп, еңбек, саяси және құқықтық өмір сүру салаларындағы білім, нормалар, құндылықтар мен дәстүрлер жүйесін меңгеруі тиіс. Қоғамның дамуындағы жастардың рөлі зор. Олар ақылды, ынталы, жігерлі. Осының арқасында жастар қоғамды нығайту мен жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Жастардың қоғам өмірінің барлық салаларына қатысу моделі өзгерді. Көптеген елдерде жастар болып жатқан өзгерістерді, әлеуметтік реформаларды қолдайды. Қазақстан жастары – бұл әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі. Дәл солармен реформаланған ел болашақта мүмкін болатын өзгерістерді байланыстырады. Елбасы өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен үміт артады. Осы орайда, жастар өзін-өзі жүзеге асыру үшін бар күш-жігерлерін жұмсауы тиіс. Өйткені, жалпы мемлекеттің дамуы біздің ұмтылысымызға байланысты.

Абай ЖАМАЛИЕВ,
Сандықтау аудандық жастар ресурстық орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар