Академик өз ойымен бөлісті

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарма мен Ресей халық шаруашылығы академиясы корпоративтік басқару Жоғары мектебінің кафедра меңгерушісі, КСРО және РҒА академигі Абель Аганбегян бастаған ғалымдар тобын қабылдады.

Өңір басшысы әлемге танымал ғалымдармен әңгімеде облыстың 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясының негізгі бағыттарымен таныстырды.
–Мемлекет басшысы өзінің күні кешегі Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» деген сөздерімен өңірлік дамудың жаңа серпініне жол ашып берді. Осыған байланыс-
ты біз экономикалық өсімді бағалау, өңірдің республикамыздың дамуындағы үлесі, экономиканы әртараптандырудағы кластерлік жүйе, құрылыс, көлік, транзит пен логистика, шағын бизнес пен туризмді дамыту сияқты 20 тарау-
дан тұратын стратегиялық бағыттарымызды бекіттік. Осынау ауқымды міндеттер адами капиталды, заманауи ғылым мен білімді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Бұл тұрғыда сіздердің ұсыныс, кеңестеріңіз пайдалы болмақ,–деді облыс әкімі.
Өз кезегінде құрметті қонақ облыс жайлы алдын ала мағлұматтармен танысуға мүмкіндік жасалғанына алғыс айтты. «Өңір басшылығы алдағы жылдарға нақты мақсат қойып, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастырғаны байқалады,–деді А.Аганбегян. –Бұл іске бізді қатыстырып отырғандарыңыз ортақ мүддеден туындайды. Ақмола облысының барлық жағынан дамуына мүмкіндік мол. Астана рыногы ғана емес, Астананың болашағы да осыны талап етеді. Сіздер алтын өндіруде, егін өсіруде жетекші орындасыздар. Бірақ, қайта өңдеу саласын барынша дамытып, жыл сайын 5,5 пайыз өсім жасау дұрыс болады. Ауыл шаруашылығының өнімдері де еселеп артуы керек. Мәселен, Ресейдің ең артта қалған облысы әр сиырдан жылына 4000 литр сүт өндіреді. Қолда бар резервті қозғалысқа түсіру қажет.
Ресей корпоративті Жоғары мектебінің директоры, профессор Сергей Календжан кездесудің алдында Көкшетау университеттерінде болып, мұндағы игі ұмтылыстарға қаныққанын айтты. «Ақылды кадрлар облыста баршылық. Президент Жолдауындағы міндеттерді орындауға жергілікті қарым-қабілет жеткілікті деп ойлаймын. Әйткенмен, үнемі алға ұмтылу керек. Бұл үшін қажетті қамқорлықпен қатар, білімді жетілдіру мәселесі күн тәртібінде тұруы тиіс. «О-дік» жобалардан күрделі технологиялық үрдіс қалыптастыруға болады. Біз Көкшетаудың жоғары оқу орындарының базасында инновациялық форум шақыруды қолдаймыз»,–деді ол.
Өңір басшысы Мәлік Мырзалин қорытынды сөзінде Ресей ғалымдарымен әріптестік қызмет дәстүрі жаңа сипатта өрістейтіндігін, бұл үшін Аганбегян тобының іссапары ұйымдастырылатынын атап өтті. Бұл бағытта облыс әкімінің орынбасары Қ.Ыдырысов жетекшілік ететін жергілікті жұмыс тобы да белсенді жұмыс істейтін болады.

Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар