Нақтылы міндеттерге назар аударылды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Біржан сал ауданында болған іссапарында егін орағының барысымен және бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылаған аудан активінің жиналысына қатысып, алда тұрған міндеттерге тоқталып, нақтылы тапсырмалар берді.

Өңір басшысы алдымен, биыл пайдалануға берілген 80 орындық Невский орта мектебін аралап көрді. Биылғы жылдан бастап жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология, информатика, физика пәндері үш тілде оқытыла бастады. Аталмыш пәндерге арналған пән кабинеттері қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жабдықталған. Әр сыныпта интерактивтік тақта бар. Еңбек пәнінде оқушылар станоктармен, тігін машинкаларымен жұмыс істейді. Мектеп директоры Қайрат Қожахметовтың айтуынша, қазір мектеп ордасында 100 оқушы екі ауысымда білім алуда.
Бұдан кейін облыс басшысы «ҚазГер» серіктестігінің астық сақтайтын қоймасында болды. Серіктестік директоры Борис Оздоевтың айтуынша, қойма өткен жылы пайдалануға берілген және құрылыс қаржысының 20 пайы-зын өздері көтеріпті. Қоймада 17 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарының тұқымы сақталады және қазіргі заманғы техникамен жабдықталған. Биыл жұмысшыларға арналған асхана ашылыпты. Одан әрі облыс әкімі аталмыш серіктестіктің құс соятын цехында болып, оның жұмысын көрді. Қазір цехта 43 адам жұмыс істейді. Мұнда күніне 7,5 мың құс сойы-
лады. Құс еті еліміздің өзге өңірлеріне ғана емес, көрші Ресейге де шығарылуда. Сондай-ақ, «ҚазГер» серіктестігі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен де айналысады.
Облыс әкімінің сапары одан әрі Степняк қаласындағы демалыс саябағында жалғасты. Жалпы мұнда адамдардың демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Облыс басшысы аудан орталығындағы 32 пәтерлік тұрғын үйдің ағымдағы жөндеу барысымен танысты. Бұл тұрғын үйдің жөндеу жұмысын «Көкше Техно Пласт» серіктестігі жүргізуде. Үйдің шатыры жөнделіп, есіктері мен терезелері жаңартылған. Қазір жылу мен жарық тарту жұмыстары жүргізілуде. Сегіз пәтерлік тағы бір тұрғын үйдің ағымдағы жөндеу жұмысын «Лебедев» жеке кәсіпорны өз қаржысы есебінен жүргізіп жатыр екен. Одан әрі өңір басшысы Біржан сал аудандық орталық
ауруханасында болып, ескі ғимаратта отырған емхананың жағдайымен танысты. Жаңа медициналық мекеме салу жайы көтеріліп, бұл мәселе қаржыға байланысты тоқтап тұрған. Облыс әкімі жаңа ғимарат салу мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты.
Бұдан кейін аудан активімен бюджеттің орындалуы және ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында облыс басшысы Елбасының таяудағы халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттер жөнінде айта келе, сол міндеттерді орындау жөнінде нақтылы тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жаңадан салынатын медициналық мекеменің, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжатын жеделдетіп дайындауды тапсырды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Атбасар

Жолдауды талқылауға арналған актив жиналысын аудан әкімі Аманбек Қалжанов ашып, алдағы міндеттері жайлы сөз сөйледі. Бұл жиынға облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі көтеруге бағытталып отыр. Тұтастай халыққа көзделген қамқорлық әр қазақстандық азаматқа қарастырылған қамқорлық болып табылады. Осы басты міндетті шешу үшін алты негізгі бағыт бойынша қарастырылған іс-шараларды табандылықпен іске асыру қажет. Олар халықтың кірістерін өсіру, өмір сапасын жақсарту, тұрмысқа қолайлы ортаны құру, азаматтардың қажетіне бағыт ұстаған мемлекеттік аппарат жасақтау еліміздегі жаңғыртуларға өзінің қатыстылығын сезіну.
Алда тұрған міндеттерді шешу бағытында қарастырылып отырған шаралар туралы актив жиналысында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Қапашев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Қамбатыров, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Бегалинов, Полтавка селолық округінің әкімі Н.Қожахметова және басқалар сөз сөйлеп, осы орайдағы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Актив жиналысы бойынша тиісті орындарға нақты тапсырмалар берілді.

ЕСІЛ

Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында атап көрсетілген іргелі міндеттерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырған идеологиялық активті аудан әкімі Талғат Ерсейітов ашып, жүргізіп отырды. Активке жиналған ауылдық округтердің, Красногор кентінің әкімдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар күн тәртібіндегі мәселені қызу талқылап, Елбасының халықтың тұрмысын жақсартуға зор көңіл бөлінген биылғы Жолдауына бірауыздан қолдау білдірді.
Жиналыста сөйлегендер өз сөздерінде әсіресе, Жолдаудың дер мезгілінде жарияланғанын атап көрсетіп, онда белгіленген міндеттерді орындауға белсене атсалысатындарын мәлімдеді. Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әнел Ерденова қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде партияның Елбасының Жолдауын насихаттап түсіндіруге тоқталды. Бұл Жолдауды әрбір партия мүшесі халыққа кеңінен ұғындырып, алда тұрған міндеттерді шешуге жұмылдыру қажет. Елбасының Жолдауында қойылған міндеттердің барлығында да халықтың әл-ауқатын, табыс пен тұрмысын жақсарту көзделіп отыр.

ЕГІНДІКӨЛ

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын талқылауға арналған ауданның актив жиналысына қатысқан ауыл-селолардың әкімдері, мемлекеттік қызметшілер, әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық жұртшылық өкілдері алдымен, аудан әкімі Ерлан Исабековтың Жолдауда алға қойылған міндеттерді шешу жолдары қарастырылған баяндамасын тыңдады. Аудан әкімі өз сөзінде биылғы Елбасы Жолдауының артықшылықтарына тоқталып, Жолдауда қамтылған міндеттерді іске асыру үшін аудан еңбеккерлері алдында қажырлы жұмыстардың тұрғандығына баса тоқталып өтті. Сонымен бірге, актив жиналысында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Егіндікөл ауданына жұмыс сапарының қорытындылары шығарылды. Жиналысқа қатысушыларға жаңадан тағайындалған аппарат басшысы Бауыржан Ермағамбетов және ветеринарлық бөлімінің басшысы Аюбек Құлбаев таныстырылды.
Жолдауды талқылау барысында аудан активі еліміздің өміріндегі осы тарихи құжатты қызу қолдап, оны ойдағыдай іске асырылуына бар күш-жігерлерін жұмылдыратындарын жеткізді. Өйткені, Елбасы еліміздің әлеуметтік экономика қуатын арттыруды және әр қазақстандықтардың тұрмысы мен табысын жақсарту жөнінде нақтылы міндеттер қойып, тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар