Аршалы халқы ықыласпен талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан

халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар мен міндеттер айқындалғаны белгілі. Ұлттың қамын, елдің болашағын ойлаған Елбасының тың бастамалары, нақты дәйектерге негізделген тапсырмалары Қазақстанды дамудың жаңа сатысына алып шығуға бағытталған.

Жуырда Аршалы ауданы әкімдігінде өткен жиында аудан әкімі Азамат Тайжанов Жолдауда көрсетілген дамудың негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырылуға тиіс шараларды саралай отырып, ауданда атқарылуға тиіс жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Тұрғындардың табыстарын көбейту, өмір сүру сапасын жақсарту, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді басты міндет санайтын мемлекеттік аппарат, әрбір қазақстандықтың елімізде болып жатқан оң өзгерістерге үлес қосуы сынды мәселелер республикамыздың қаншалықты дамығандығын айқындайтын көрсеткіштер.
Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есе көбейту үшін көп жұмыстар атқару қажет. Нақтырақ айтсақ, ол үшін мүмкіндік жеткілікті болуға тиіс. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларының да 35 пайызға өсуі экономикамыздың алға басқандығының, соның нәтижесінде бюджетке түсер қаржының артқандығының айғағы. Аршалы ауданында да бұл өзгерістер екі мыңнан астам адамды қамтиды. Бұл орайда, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар жалақыны көбейту туралы Президенттің тапсырмасын бұлжытпай орындауға тиіс.
Аудан әкімі өз сөзінде Жолдауда айқындалған басқа да көптеген мәселелерге жан-жақты тоқталып, ауданда атқарылуға тиіс шараларды да айқындап берді.
Елбасы Жолдауын талқылау барысында Ижевск селолық округінің әкімі Гүлмира Омарқызы Ахимова, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Жұлдыз Серікқалиқызы Арыстанғали, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасының тәлімгері Біржан Серіков, №1 Аршалы орта мектебінің директоры Елена Александровна Клименко өз ойларын ортаға салды.
Аршалыда өткен жиында аудан әкімдігінің Жолдауды талқылауға тыңғылықты дайындалғандығын байқадық. Талқылау барысында сөз алғандардың бәрі де Жолдаудың мазмұнына терең үңіліп, ондағы жүзеге асырылуға тиіс кешенді шаралардың негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі танысқандықтарын көрсетті. Сондай-ақ, олар өз ойларын ортаға салып, істің алға басуына ықпал етуге тиіс мәселелерді де қозғады. Бұл орайда Ижевск селолық округінің әкімі Гүлмира Омарқызының кадр мәселесін шешудегі ұсынысы аудан әкімі тарапынан қолдау тапқандығын айта кету керек. Сондай-ақ, жарыссөзге қатысқан басқа азаматтар да Жолдауда көрсетілген мәселелердің бәрін толық қолдайтындықтарын білдірді.
Талғат ҚАСЕН,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар