«Бір терезе» қағидатымен

Степняк қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «Даму» қорының қолдауымен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды.

Мұнда бухгалтерлік және салықтық есепті енгізу, статистикалық есепті құрастыру, құқықтық көмек, кедендік рәсімдеу және ақпараттық-технологиялық қызмет жөнінде ақыл-кеңестер беріледі. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл қағазбастылықты азайтып, жұмысты жеңілдетіп отыр.
Орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Асқар Қиықов орталықтың көмегімен кәсіпкерлер алдында жаңа мүмкіндіктер ашылып,  бұл шағын және орта бизнесті дамытуға сеп болатынын тілге тиек етті. Ал, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин аталған орталық сапалы қызмет көрсету арқылы кәсіпкерлерге істің қыр-сырын үйретуге ықпал ететініне тоқталды. Жыл сайын жаңа жобалардың саны көбейіп, азаматтар тарапынан өз кәсібін ашуға деген ынта артып отырған көрінеді. Сол себепті, тұрғындарды елімізде жүзеге асып жатқан бағдарламалар жайында  ақпараттандыру қажеттілігі туындайды. Бұл өз кезегінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне оң әсерін тигізетіні мәлім.
Айта кетерлігі, кәсіпкерлерді қолдау орталығының жанынан кәсіпкерлер мектебі де  ашылды.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар