Экспортқа ұн шығарады

Көкшетау қаласында дәнді және майлы дақылдар өңдейтін әрі сақтайтын кәсіпорындар қатары толыға түсті.

Кәсіпорын Азия елдеріне ұн экспорттауды қолға алмақшы. Сондай-ақ, олар майлы дақылдар өңдеуді игеруді, өңірдің құс шаруашылығын дамытуға пайдаланатын құрама жем шығаруды  жолға қоюды көздеп отыр. Бүгінгі таңда мұнда қажетті қондырғылар орнатылды. Кәсіпорын биылғы жылдың күзінде алғаш рет астық қабылдамақ.
Ауа райы қолайсыз жылдары диқандар үшін астықты кептіру мен сақтау өткір мәселе. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы бұл жағдайға оң әсерін тигізбекші. Бүгінгі таңда кәсіпорын басшылары жобаны «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасына енгізу бойынша жұмыс істеуде. Бұл қала мен кәсіпорын арасына жол салуға мүмкіндік береді. «Ақмола бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Бақытжан Хамзин кәсіпорын құрылысына қолдау көрсеткен облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қорына айтар алғыстары шексіз екенін жеткізді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар