Алатын асуымыздың межелі жолы

Есіл аудандық мәслихатының депутаттары Мемлекет басшысының ел халқына арнаған кезекті Жолдауын ең басты саяси оқиғалардың бірі деп санайды.

Бұл құжат біздің алдымызға үлкен міндет қояды. Сондай-ақ, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Әр депутат тұрғындардың өзекті проблемасын тез арада шешуге бағытталған өз жоспарына талдау жасап, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Ашық ақпараттық кеңістік біздің еліміз бен барлық әлемдік қауымдастықтағы жаңалықтарды бізге күн сайын қадағалауға мүмкіндік береді. Біз ең дамыған елдердің тұрмыс жағдайына ұмтылған республиканың өмірлік іс-әрекетінің барлық саласында болып жатқан барлық үрдістердің қатысушылары және бақылаушылары болып табыламыз.
Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мемлекет жетістігінің кепілі басты байлықты дамытатын адам болып табылатынын атап өтті. Бұл расында да солай. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған тапсырма берді. Мемлекет бұрынғыдай шағын және орта бизнес субъектілеріне, аграршыларға көмектесетін болды. Тұрғындарды толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі – жол мен су құбырларын жөндеуге бюджеттік қаржы бөлу мәселесі. Бұл Президенттің тұрақты назарында тұр. Тұрғындардың ең төменгі еңбекақысын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы алдағы жұмыс маңызды деп есептеймін. Бұл аурудың алдын алуды және емдеуді жақсартады, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Біздің ауданда жұмыс істейтін мектепке дейінгі 30 мекемеде жүзден астам педагог еңбек етеді. Мұндағы өзекті мәселелердің бірі – біліктілік талаптары мен бала бақшалардағы еңбеккерлердің жалақы жүйесін қайта қарау. Әр адамның барлық қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке алған биылғы Жолдау таңдап алынған жолдың дұрыстығын дәлелдейді. Біз депутат ретінде алға қойған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.

Сәуле АҒЫМБАЕВА,
Есіл аудандық мәслихатының
хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар